Тимур Бекмамбетовпен кездесуге кино саласына қығушылығы жоғары жастар мен өнер жанашырлары жиналды.
" Туған жерімдегі әр ғимарат мен үшін қымбат. Алдағы уақытта бұрынғы "Мир" кинотеатрын қайта жаңғыртып, жаңа жобалар жүзеге асырғым келеді"- дейді кинорежиссер.
Жуырда Мемлекет басшысы кинорежиссермен кездесіп, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кино индустрияны жаңғырту қажеттігі туралы айтқан болатын.
Кздесу барысында атыраулықтар Тимур Бекмамбетовке өнер орталығын ашу, өңір ерекшелігі туралы фильм түсіруді ұсынды. Және қазақстандық кино индустрияға қатысты сауалдарын жолдады .