Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен ашылған коворкинг орталығы жастарды дамытуға, олардың коммуникативті дағдыларын арттырып, бос уақыттарын пайдалы өткізуге, нетворкинг пен команда құруға арналған.
"Золотое время" қоғамдық қорының жетекшісі Айгүл Уәлиеваның айтуынша қазірдің өзінде коворкинг кеңістігінде әртүрлі шаралар ұйымдастырылып, оған 100-ден астам жас белсене қатысқан.
Орталықта жастардың семинар-тренингтер, түрлі жиындар өткізулеріне, бірлесіп жұмыс жасауларына барлық жағдайлар жасалған.