Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс.
Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін дәріптеу» тақырыбында кездесу өтті.
Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының және дін өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған басқосуға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Жахин қатысты.
Нұрлан Жахинның айтуынша жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруда парақорлық, сыбайлас жемқорлықтың зияны, діндегі үкімі туралы мешіттерде, католик шіркеуінде уағыздар көптеп айтылуда. Ал, этномәдени бірлестік өкілдері жемқорлықты жою мәселесінде волонтерлік көмек көрсетіп келеді.