Елордасы Астанада ұйымдастырылған салтанатты шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздің барлық өңірлерінен қатысқан үздік жиырма отбасын марапаттап, бір миллион теңгеден қаржылай сыйлық табыс етті.
Үздіктер қатарында атыраулық Бекеновтар отбасы бар. Үлкен әулеттің отағасы Сағызбай Бекенов 1940 жылы дүниеге келген. "Еңбек озаты" төсбелгісінің иегері. Жұбайы Әлима Бөлекбаева «ІІІ дәрежелі Ана даңқы» төс белгісінің иегері, екеуі 7 ұлды тәрбиелеп өсірген. Қазір 19 немере, 3 шөбере сүйіп отырған бақытты ата мен әже.