Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

«Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ өңірлік БАҚ-тар үшін газеттер, телеарналар және радиоарналар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 412-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі,«Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2024 жылғы 3 қыркүйек күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 412-кабинет мекенжайы бойынша 2024 жылғы 4 қыркүйеккүнгі сағат 11:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын  қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3 және 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.

(https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014886).

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Дата публикации
19 августа 2024