Публичное обсуждение результатов внутреннего анализа коррупционных рисков

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

 

28 маусым 2024 жыл                     Атырау қаласы

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                    19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Сүйеуованың 2024 жылғы 29 мамырдағы
№44-1 бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасында 2024 жылдың қаңтар мен маусым аралығындағы жұмыс кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

Сүйеуова

Гүлнұр Жалғасқызы

-

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы;

Жанғалиев

Алишер Қамбарұлы

-

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;

Мендакулова

Гүлбаршын Ерсаинқызы

-

Қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің басшысы;

Жолдыбаева

Гүлшат Абылайқызы

-

Қаржы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

Жален

Айдар Мақсотұлы

-

Жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы;

Ғалымов

Арыстанбек Ерсайынұлы

-

Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы;

Абсенов

Нұрболат Мирамғалиұлы

-

Қаржы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-заңгері.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы– басқарманың жалпы штат саны 21 бірлікті құрайды. Қазіргі таңда 1 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар.

Сүйеуова Гүлнұр Жалғасқызы2022 жылдың 26қыркүйегінен бастап басқарма басшысы лауазымына тағайындалды.

Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінде 3 бірлік, 1 бөлім басшысы және 2 бас маман.

Қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінде3 бірлік, 1 бөлім басшысы және 1 бас маман тұрақты қызмет атқаруда. 1 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар.

Талдау және мониторинг бөлімі2 бірлік, 1 бөлім басшысы және 1 бас маман.

Қаржы және құқықтық қамтамасыз етубөлімінде 3 бірлік, бөлім басшысы, бас маман және бас маман-заңгер тұрақты қызмет атқаруда.

Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімде 2 бірлік, 1 бөлім басшысы және 1 бас маман тұрақты қызмет атқаруда.

Жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінде 3 бірлік, 1 бөлім басшысы және 2 бас маман қызмет атқаруда.

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылы мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру - басқарма бойынша рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) бақылау функцияларын іске асыру – басқармада ағымдағы жыл бойынша бақылау функциясы іске асырылмаған;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ;

7) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

8) бөлім қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

9)   прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

10) сот актілері – бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Талдау қорытындысы бойынша келесі тәуекел анықталды:

Қаржы және құқықтық қамтамасыз етубөлімінде:

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң)7-бабына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта, мемлекеттік грант беруге арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады деп көрсетілген.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ақша қаражаттарын жұмсау және қаржылық операциялар бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Алайда, қазіргі сәтте қаржылық есептер әзірлеу және тапсыру мәселесі бойынша арнайы заңдар мен қағидалар жоқ.  Бұл мәселе, ҮЕҰ жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінетін қаражатты жұмсау жөнінде заңдар мен қағидаларды әзірлеуді талап етеді.

Бүгінде, бұл жағдай жергілікті атқарушы органдар тарапынан қаржылық есептерді қабылдау кезінде мүдде болған жағдайда заңсыз артықшылық беруге немесе өзге де сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарына әкелуі мүмкін.

Ұсыныс:Өнім берушілермен жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржылық есептерді әзірлеу және тапсыру бойынша талаптарын заңдастыру мақсатында ұсыныс хат жазу.

        

 

 

Жұмыс тобы мүшелері:

 

 

 

_______________

Г.Ж.Сүйеуова

 

 

_______________

А.Қ.Жанғалиев

 

 

 

 

_______________

 

Г.Е.Мендакулова

 

_______________

Г.А.Жолдыбаева

 

 

_______________

А.Е.Ғалымов

 

 

_______________

А.М.Жален

 

 

_______________

Н.М.Абсенов

 

Дата публикации
04 июля 2024