Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

«Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ баспа басылымдар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды. Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 105-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2023 жылғы 5 мамыр сағат 17:00-ге дейін қабылдайды. Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 105-кабинет мекенжайы бойынша 2023 жылғы 10 мамыр сағат 11:00-де ашылады. Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын  қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады. Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды. Қағидалардың 8 және 34 тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 5-қосымшаларына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014886).

 

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Дата публикации
17 апреля 2023