БЕКІТЕМІН
Облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімі
жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен
қарым-қатынас жасау жөніндегі
Кеңес төрағасы
______________ Қ.Нұрлыбаев
« » _________ 2022 жыл
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ҚЫЗМЕТІН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
(мерзімі - 2022 жылдың 2-жартыжылдығы)
|
№ |
Іс-шаралар |
Мерзімі |
Жауапты кеңес мүшесі |
|
1 |
Басқармалар жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Уәкілетті лауазымды тұлғаларға арналған семинарлар өткізу |
тамыз |
Әзмұханов Қанат Қадыржанұлы Ізтелеуова Шынар Орманбекқызы |
|
2 |
Облыстық басқармалар басшыларының, Атырау қаласы және аудандар әкімдерінің ҮЕҰ-дар жетекшілерімен (өкілдерімен) халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесулер өткізу (жасақталған арнайы кесте бойынша) |
шілде |
Доскалиева Жаннат Зәкиқызы |
|
3 |
Атырау қаласы және аудандар әкімдері жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестер қызметіне мониторинг жүргізу |
қыркүйек |
Әзмұханов Қанат Қадыржанұлы
|
|
4 |
Атырау облысы бойынша азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдармен байланыс механизмдерін дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат дайындау |
қыркүйек |
Әзмұханов Қанат Қадыржанұлы
|
|
5 |
Жергілікті үкіметтік емес ұйымдар қызметін одан әрі жетілдіру бағытында «ҮЕҰ мектебі» жобасын ұйымдастыру |
тамыз-қыркүйек |
Доскалиева Жаннат Зәкиқызы |
|
6 |
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша облыстық іс-шаралар жоспарының орындалысына мониторинг жүргізу (қызметтік хат дайындау) |
қазан |
Әзмұханов Қанат Қадыржанұлы
|
|
7 |
Білім беру, дене шынықтыру және спорт бағытында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік маңызды жобаларға талдау жүргізу |
қазан- қараша |
Қадыров Серік Нұрбайұлы |
|
8 |
Қоршаған ортаны қорғау және туризмді дамыту бағытындағы әлеуметтік маңызды жобаларға талдау жүргізу |
қазан- қараша |
Елешова Гүлжан Мырзагерейқызы Ізтелеуова Шынар Орманбекқызы |
|
9 |
Азаматтардың денсаулығын сақтау, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларға талдау жүргізу |
қазан- қараша |
Бисенова Жібек Қуанғалиқызы Нұржігітова Гүлбаршын Балхашқызы |
|
10 |
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы әлеуметтік маңызды жобаларға талдау жүргізу |
қазан- қараша |
Күмісқалиев Ерлан Асылбайұлы Ермұханова Гүлбарам Саматқызы |
|
11 |
Облыс тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларға талдау жүргізу |
қазан- қараша |
Рахимова Салтанат Асқарқызы Досмұхамбетова Балжан Ибатқызы |
|
12 |
Өңірде Волонтерлікті дамыту қызметіне талдау жүргізу |
қазан- қараша |
Құлжанова Әсия Нагимовна Досқалиева Жанат Закиқызы |
|
14
|
2023-2024 жылдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды жобалар ұсыну |
қараша |
Кеңес мүшелері |
*Қажеттілігіне қарай жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы