Облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым - қатынас жасау жөніндегі Кеңес туралы Ереже

Облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым - қатынас жасау жөніндегі Кеңес туралы

Ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.Үкіметтік емес ұйымдармен қарым – қатынас жасау жөніндегі Кеңес (бұдан әрі Кеңес) облыс әкімі жанындағы консультативтік – кеңестік орган болып табылады.

2.Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілері және осы Ереже құрайды.

3.Облыс әкімінің орынбасары Кеңестің төрағасы болып табылады.

 

 

  1. Кеңестің негізгі міндеттері

 

  1. Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:

1) үкіметтік емес ұйымдармен қарым - қатынас жасау жөнінде кешендік аймақтық саясатты қалыптастыру үшін басымдылықтарды анықтау және ұсынымдар жасау;

2) үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық - техникалық қолдаудың кешендік жүйесін жасақтауға жәрдемдесу;

3) жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынас және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру;

4) Кеңес құзіретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсынысын қарау, облыс әкіміне ұсынымдар жасау;

5) әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламалық құжаттарды дайындауға және қарауға қатысу;

6) үкіметтік емес сектордың мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер өткізуге жәрдемдесу, облыстың үкіметтік емес ұйымдарының ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру;

7) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің қырларын толық көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым - қатынас жасау;

8) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне байланысты азаматтардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау;

 

 

  1. Кеңестің өкілеттілігі

 

  1. Кеңес өз құзіреті шеңберінде құқылы;

1) өз отырыстарында жергілікті өкімет органдарының басшыларын тыңдауға;

2) жергілікті атқару органдарынан үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты ақпаратты сұратуға;

3) Кеңестің отырыстарын дайындауға, бағдарламалық құжаттарды  жасауға қатысу үшін штаттан тыс шарапшылар ретінде қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың беделді және кәсіби дайындалған өкілдерін тартуға;

4) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы статистикалық, талдамалық, әдістемелік және басқа да ақпараттық материалдарды жолдап тұруға,

5) азаматтардан түскен өтініштерді, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау нәтижесінде Кеңес іс жүзінде шешім қабылдау үшін материалдарды тиісті жергілікті атқару органның немесе лауазым иесінің қалауына жолдай алады.

 

 

  1. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

 

  1. Кеңес төрағадан, оның орынбасарларынан және Кеңес мүшелерінен құрылады.
  2. Кеңес төрағасы Кеңестің отырыстарын өткізеді, Кеңестің шешімдеріне және басқа құжаттарына қол қояды, отырыстарға енгізілетін мәселелерді анықтайды, басқа да ұйымдастырушылық - өкімдік қызметтерді орындайды, Кеңес торағасы жоқ кезде оның қызметін орынбасарларының бірі орындайды.
  3. Отырыстар кемінде жартыжылдықта бір рет өткізіледі.
  4. Кеңес мүшелері қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар, ескертулер енгізуге, аудан әкімдерімен, облыстық басқармалар және ұйымдармен қарым – қатынас жасауға құқықты.
  5. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
  6. Кеңес мүшелерінің отырыстарға қатысу өкілеттігін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
  7. Кеңес шешімдерді отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелері санының жай көпшілігімен қабылдайды. Дауыстар теңбе тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Кеңестің шешімдері кворум болғанда - Кеңес отырысында оның тізімдік құрамы мүшелерінің көпшілігі қатысқанда күшіне енеді.

 

Дата публикации
28 августа 2022