
Гүлнұр Сүйеуова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
08.1997 – 08.1998 жылдар аралығында Индер ауданы Есбол ауылы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалім;
09.1998 – 11.1999 жылдар аралығында Ақтау қаласы №17 орта мектепте мұғалім;
04.2000 – 09.2001 жылдар аралығында Индер ауданы Индербор кенті М.Әуезов атындағы орта мектепте мұғалім;
09.2001 – 12.2003 жылдар аралығында Индер ауданы Индербор кенті М.Әуезов атындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
12.2003 – 02.2004 жылдар аралығында Индер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде уақытша бас маман;
02.2004 - 10.2008 жылдар аралығында Индер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде бас маман;
10.2008 – 02.2009 жылдар аралығында Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
02.2009 – 11.2010 жылдар аралығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім басшысы;
11.2010 – 06.2011 жылдар аралығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім бастығының орынбасары;
06.2011 – 10.2013 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;
10.2013 – 09.2017 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы;
09.2017 – 04.2021 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы;
04.2021 - 09.2022 жылдар аралығында Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
09.2022 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқаруда.