1.Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан Инспекциялауға қандай объектілер жатпайды?
1) Бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден және сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан немесе оларды іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен техникалық жағынан күрделі емес басқа да құрылыстар салу;
2) өз үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктерінің учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар салу;
3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау).
2.Лицензия қандай жағдайларда қайта ресімделуге жатады?
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай: 1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген; 2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген; 3) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған; 4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда) жағдайларда қайта ресімделуге жатады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы
3.Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама алу үшін не қажет?
Құрылыстың басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы Талон жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша МСҚББ беріледі. Құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы беріледі.
Мәліметтер нысанын толтырып, МСҚББ талонын алғаннан кейін жобаға сәйкес құрылыс - монтаждау жұмыстарын бастауға болады.
Құрылыс аяқталғаннан кейін салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісін тіркеу қажет.
Ескерту
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 68-бабының 12 – тармағына сәйкес.