«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

 

  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма), Атырау облысы, Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 79.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Басқарма 5 (бес) қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: 2 (екі) мемлекеттік қызмет ақысыз, 3 (үш) мемлекеттік қызмет ақылы.

Басқармамен 2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы - 652 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде:

Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 652.

Тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 243;

ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 409.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

  1. «Іздестіру қызметіне лицензия беру»;
  2. «Жобалау қызметіне лицензия беру»;
  3. «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;
  4. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»;
  5. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».
«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есебі
Дата публикации
15 марта 2021