GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Комиссия туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
20 октября 2026
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.

2026 жылғы 16 қазанда Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Н. Қонысов Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Азаматтарды қабылдау орталығында» азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында іссапар шығындарын өтеу, қосымша жүктеме үшін еңбекақы төлеу, сондай-ақ мемлекеттік аудитор сертификатын алу мәселелері талқыланды.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша белгіленген мерзімде жауап берілетіні хабарланды.

09 октября 2026
ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ.

«Адал азамат» идеалдарын іске асыру аясында Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.

Пікірсайыс турниріне Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Құжат айналымы жөніндегі бас инспекторы және Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің жетекші маманы қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, жауапкершілік, кәсібилік және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ пікір алмасу мәдениетін дамыту.

Турнир қорытындысы бойынша белсенді қатысқан барлық қатысушылар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

09 октября 2026
АТЫРАУ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

2026 жылдың 2 қазаны күні Атырау қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Кезекті сессияда Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Дауталиева жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды болып табылатын 2025 жылғы Атырау қаласы бюджетінің атқарылуы туралы баяндама жасап, бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, атқару бағытында жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар берді.

22 сентября 2026
Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасының 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті.

2026 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми практикалық конференция мен салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлері, Тексеру комиссияларының төрағаларымен қатар шетелдік қонақтар, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің, Құрылтайдың, Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Конференцияда мемлекеттік секторға жасанды интеллектіні енгізу мен пайдалану кезінде қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Одан кейінгі салтанатты шарада мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында көп жылғы қажырлы еңбегі үшін қызметкерлерге «Парасат» және «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі,  Қазақстан Республикасы Президенті атынан алғыс хаттарымен және мерейтойлық ведомстволық  наградалары табысталды.

Соның ішінде, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Н.Қонысов сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының рөлін нығайтуға елеулі үлес қосқаны, қаржылық бұзушылықтардың алдын алуда, жолын кесуде және анықтаудағы белсенді жұмысы, қызметтік міндеттерін үлгі етіп орындауы және аумақтың экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

21 сентября 2026
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

2026 жылғы 19 қыркүйекте Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды «World Cleanup Day» халықаралық тазалық акциясы өтті.

Іс-шараға Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері қатынасып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға кері әсерін азайту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

21 сентября 2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖИЫНА ӨТТІ!

2026 жылдың 17 қыркүйегінде Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) басқарма басшысы мен бас мамандарының қатынасуымен ақпараттық-түсіндіру бағытында жиын өткізілді.

Жиын барысында Қазақстан Респубикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары мен «Адал азамат» қағидаттары жөнінде түсіндірме берілді.

Департамент қызметкерлері аталған бағыттар бойынша жан-жақты ақпарат ұсынып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселелерге тоқталып өтті.

Кездесу соңында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, мәселелер бойынша талқылаулар болды.

14 сентября 2026
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Атырау қаласы Мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Рашев қатынасып, 2025 жылғы Атырау қаласының бюджетінің атқарылуы туралы баяндама жасап, бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, атқару бағытында жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар берді.

11 сентября 2026
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ.

2026 жылғы 8 қыркүйекте Атырау қалалық Мансап орталығының ұйымдастыруымен жұмыс іздеуші азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шараға Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Персоналды басқару жөніндегі бас инспекторы қатысып, жұмыс іздеушілерге мекемедегі бос лауазымдар туралы ақпарат ұсынып, кандидаттарға қойылатын талаптар мен жұмысқа орналасу тәртібін түсіндірді.

31 августа 2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДАҒЫ ЖЕТІСТІК!

2026 жылдың 11 шілдесінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына және Тексеру комиссияларының 15 жылдығына арналған республикалық спартакиада өтті.

Спорттық додаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы мен өңіраралық іріктеу кезеңінен жолдама алған Тексеру комиссияларының командалары қатынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының командасы шағын футболдан үздік төрт команданың қатарына енді. Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының мүшесі        Ж. Дауталиева үстел теннисінен қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді.

Тексеру комиссиясының төрағасы әріптестерімізді жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының алғысын жеткізді.

09 июля 2026
ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ!

2026 жылдың 8 шілдесі күні Құрманғазы аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Кезекті сессияда Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  Б. Анжанов жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды болып табылатын 2025 жылғы Құрманғазы ауданы бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасап, бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, атқару бағытында жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар берді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы