2024 жылдың 30 қыркүйегінде «Мақат ауданының бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бөлінген бюджет қаражатына және қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шараның қорытынды отырысы өтті.Мемлекеттік аудиттің қорытынды отырысына Мақат ауданы әкімінің орынбасары, Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Доссор кенті әкімінің орынбасары мен есепшілері қатысты.Комиссия отырысының қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды жою, оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.