Мемлкеттік қызмет – қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл салада кәсіби білім мен тәжірибемен қатар, жоғары әдептік мәдениет болуы – басты талаптардың бірі.
Мемлекеттік қызметші әрбір әрекеті мен сөзі арқылы ел сеніміне ие болуы тиіс. Сондықтан да әдептілік пен парасаттылық – тек қосымша қасиет емес, қызметтің ажырамас бөлігі. Қоғам алдында абыройлы болу үшін мемлекеттік қызметші тек заңға сай әрекет етіп қана қоймай, күнделікті жұмысында әділдік, ашықтық және адамгершілік қағидаттарын ұстануы қажет. Қызметкердің азаматтармен, әріптестерімен, басшылықпен және бағыныстылармен қарым-қатынасы осы құндылықтарға негізделуі тиіс.
Әдептілік пен парасаттылық – қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырады. Ал бұл сенім – мемлекеттің беделінің негізі. Сондықтан да әр мемлекеттік қызметкер үшін басты ұстаным – “Әдепті болу – абыройлы болу” қағидасы болуы тиіс.