Мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, 2024 жылдың І тоқсанында 18 аудит объектісінде (мемлекеттік мекеме) 2 аудиторлық іс-шара (тиімділік және сәйкестік) өткізілді.
Мемлекеттік аудитпен 6 333 444,0 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты 1 440 600,4 мың теңге.
Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталмауынан анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 3 397 004,0 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 786 111,0 мың теңге (23,1%), тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 766 252,2 мың теңге (22,6%), тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 1 844 640,8 мың теңге (54,3%), сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 200 бірлік.
Қалпына келтіруге (өтеуге) жататын қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 786 111,0 мың теңгеден мемлекеттік аудит объектілерімен 27 204,3 мың теңге қалпына келтірілді (өтелді). Қалпына келтірілмеген, (өтелмеген) қаражаттың қалдығы 758 906,7 мың теңге орындау мерзімі келмегендер есебінен құрады.
Талдау көрсеткендей, аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтардың айтарлықтай үлесі Бухгалтерік есептілікті жүргізу қағидасы талабының сақталмауынан 728 796,4 мың теңге (92,7%), Құрылыс қызметі туралы заңнаманың талабының сақталмауынан 32 567,4 (4,1%), Бюджет кодексі талабының сақталмауынан 24 227,8 мың теңге (3,0%).
Аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысы мен нұсқамаларында 4 ұсыныс пен 40 тапсырма беріліп орындау мерзімдері келмеген.
Жүргізілген аудиторлық іс – шаралардың нәтижелері бойынша 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде 22-ескерту, 1-сөгіс).
Соттың қарауына және уәкілетті органдарға әкімшілік іс жүргізуді қарау және қозғау үшін 121 материал жолданып, 33 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып жалпы сомасы 8 303,0 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.