Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасының
2023 жылғы «___» ________________
№ _______ бұйрығына
қосымша
«Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің
РЕГЛАМЕНТІ
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), 2023 жылғы 27 шілдедегі Атырау облыстық мәслихатының №34-VIII сессиясымен бекітілген Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Ережесіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Тексеру комиссия) жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау процесінде оның қызметінің ішкі тәртібін реттейді.
Тексеру комиссиясында қызметті ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізу «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тіл туралы заң) сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Тексеру комиссиясының қызметін жоспарлау
- Тексеру комиссия өз қызметін Тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларының, сондай-ақ оларды іске асыру үшін әзірленген Тексеру комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларының негізінде жүзеге асырады.
- Аппарат басшысы жылдық жұмыс жоспарын Тексеру комиссия қызметінің бағыттарына, құрылымдық бөлімшелердің, Тексеру комиссия мүшелерінің ұсыныстарына сүйене отырып, осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарланатын кезеңнің алдындағы кезеңге қалыптастырады.
Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары жоспар жобасына қосу үшін 1 желтоқсаннан кешіктірілмей жіберіледі.
Жоспарлы кезең ішінде жылдық жұмыс жоспарларын, көрсеткіштерді орындау үшін шарттардың өзгерістерін және Тексеру комиссияға жүктелген жаңа міндеттерді, функцияларды ескере отырып, оған жауапты құрылымдық бөлімшелердің бастамасы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Жылдық жоспарлардың жобалары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін Тексеру комиссияның Төрағасына бекітуге енгізіледі.
- Тексеру комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарлары Тексеру комиссияның жылдық және жұмыс жоспарына сәйкес қалыптастырылады.
- Тексеру комиссияның құрылымдық бөлімшесінің тоқсандық жұмыс жоспарында көзделген іс-шаралардың жауапты орындаушысы болып тиісті құрылымдық бөлімшенің дербестендірілген жұмыскері белгіленеді.
- Құрылымдық бөлімшелер жұмыс жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аппарат басшысына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін ұсынады.
- Аппарат басшысы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін Тексеру комиссияның тоқсандық жұмыс жоспарының орындалуы туралы есепті қалыптастырып, тоқсан қорытындысы бойынша іс-шаралардың уақытылы және толық орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Тексеру комиссияның Тексеру комиссиясының төрағасына ұсынады.
3-тарау. Тексеру комиссияның сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу тәртібі
1-параграф. Тексеру комиссияның тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру, келісу және бекіту
- Тексеру комиссияның тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – СМАҚБ қағидалары) айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
- Бірыңғай дерекқор негізінде жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалауды және қосымша көздерден алынған деректерді ескере отырып, Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын (бұдан әрі – Тізбенің жобасы) қалыптастырып, жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей Тексеру комиссияның мүшелеріне жібереді.
- Тексеру комиссияның мүшелері жоспарлауға және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, мемлекеттік аудиттің таңдалған объектілері және мемлекеттік аудитпен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтерінің болжамды көлемдері, аудиторлық іс-шаралардың атаулары, мемлекеттік аудиттің түрлері мен тексеру түрлері, аудиторлық іс-шараның әрбір кезеңін өткізу мерзімдері тұрғысынан Тізбенің жобасын, сондай-ақ мемлекеттік аудиттің мемлекеттік аудиторлардың саны, ассистенттер мен сарапшыларды тарту қажеттілігін қарастырады.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімінің нормативін есептеуді жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуді жүргізу мерзімі аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімінің кемінде үштен бірін құрайды.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 5 желтоқсанына дейінгі мерзімде СМАҚБ қағидаларына сәйкес жасалған және Тексеру комиссияның мүшелерімен және мемлекеттік аудитті, сапа бақылауын және құқықтық қамтамасыз етуді жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген Тізбенің алдын ала жобасын Жоғары аудиторлық палатаға және Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жібереді.
Тізбенің алдын ала жобасын қарау кезінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше басшысының баяндамасы тыңдалады.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектілерін және мемлекеттік аудитпен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтерінің болжамды көлемін келіседі, жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 10 қарашасына дейін хаттама жасай отырып, Жоғары аудиторлық палатамен және Уәкілетті органмен бірлескен, қатарлас тексеру жүргізу мәселелерін пысықтайды.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін Тізбенің түпкілікті жобасын Жоғары аудиторлық палатаға және Уәкілетті органға жібереді.
- Тізбенің келісілген жобасы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін Тексеру комиссияның отырысында қаралады және мақұлданады.
2-параграф. Тексеру комиссияның Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу, Тізбені мүдделі органдарға жіберу және оны орналастыру
- Тексеру комиссияның Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы бұйрық және (немесе) оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы бұйрық тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше оларды Біріңғай электронды құжатайналым жүйесі (бұдан әрі – БЭҚАЖ) арқылы және (немесе) пошта арқылы жазбаша түрде Жоғары аудиторлық палатаға, Уәкілетті органға, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
17.Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше бекітілген және өзгерістер (толықтырулар)енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Мемлекеттік аудит обьектілерінің тізбесін Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.
- Аудиторлық іс-шаралардың қайталануын болдырмау мақсатында жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палата және Уәкілетті органның мемлекеттік обьектілерінің тізбелеріндегі өзгерістерге тұрақты негізде маниторинг жүргізеді.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше тоқсан сайын аудиторлық іч-шаралардың орындалуы жөніндегі ақпарат негізінде Бірыңғай дерекқорда орналастырылған мемлекеттік аудит обьектілерінің жылдық тізбелері шеңберінде Жоғарыф аудиторлық палатаға ұсынылатын есебіне енгізу үшін олардың нәтижелерін талдайды және жинақтап қорытады.
- Мемлекеттік аудит обьектілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп,аудиторлық іс-шаралардың аяқталуын ескере отырып,отырыстар өткізудің жылдық жоспарын қалыптастырады.
Отырыстарды өткізудің жылдық жоспары Тексеру комиссиясының мүшелерімен келісуді ескере отырып, Тексеру комиссиясының Төреғасының бекітуіне енгізіледі.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше есепті кезеңнің қортындылары бойынша Тексеру комиссиясының Төреғасына Мемлекеттік аудит обьектілері тізбесінің іске асырылуы туралы ақпарат береді.
- Мемлекеттік аудит обьектілерінің тізбесіне Заңның 18-бабының 2-тармағына және СМАҚБ қағидаларына сәйкес өзгерістер енгізеді.
- Мемлекеттік аудит обьектілерінің тізбесіне өзгерістер жоспарлауға және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше басшыларының келісімімен, сондай-ақ мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жауапты мүшесінің қызметтік жазбасы негізінде СМАҚБ қағидаларына сәйкес жасалған,сондай-ақ құжаттарға (материалдарға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізділігін растайтын аудиторлық іс-шараны өткізуге арналған өтінімді қоса отырып енгізіледі.
3-параграф. Жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау және оны жүргізу
3.1. Мемлекеттік аудит тобын қалыптастыру
- Мемлекеттік аудит тобын қалыптастыруды мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қызметтік жазбасы негізінде Тексеру комиссиясының аппарат басшысы жүзеге асырады.
25.Мемлекеттік аудит тобының құрамы мемлекеттік аудит тобының жетекшісін, мемлекеттік аудиторларды және (немесе) мемлекеттік аудитор(лар)дың ассистентін(терін) (бұдан әрі – ассистент), сондай-ақ тартылған жағдайда, мемлекеттік органдардың мамандарын, сарапшыларды, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдарды (бұдан әрі – сарапшы) қамтиды.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер барлық кезеңінде құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады және мемлекеттік аудит тобы басшысының, мемлекеттік аудиторлардың жазбаша (электрондық пошта арқылы, ЖАП ИАЖ-ға) сауалдарына, жүргізіліп жатқан мемлекеттік аудит мәселелер бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған кезде заңнаманы қолдану жөнінде жазбаша консультациялар береді. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер жазбаша консультациялары қойылған мәселелер шеңберінде және ұсынылған құжаттар көлемі шегінде ғана көрсетіледі.
- Аудиторлық іс-шараға құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер тікелей қатысқан жағдайда, ол аудит барысында құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Құқықтық сүйемелдеуді жүргізу үшін құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің қатысуы (шығуы) Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған Тексеру комиссия Төрағасының атына қызметтік жазба негізінде жүзеге асырыды.
- Мемлекеттік аудиторлар аудит жүргізу процесінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісін аудиторлық іс-шара шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы хабардар етеді.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудиторлардың жұмысын үйлестіреді, аудиторлық іс-шара процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді өз құзыреті шегінде шешеді.
30.Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесін және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысын мемлекеттік аудиторлардың, аудиторлық іс-шараға қатысқан сарапшылардың қызметтік міндеттерін орындамау жағдайлары және мемлекеттік аудитті өткізу барысында мемлекеттік қызметшілердің атқарушылық, еңбек тәртібін бұзу, қызметтік әдепті сақтамау фактілері туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
- Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі және мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы шаралар қабылдау үшін көрсетілген фактілер туралы Тексеру комиссияның Төрағасына жазбаша түрде хабарлайды.
3.2. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу
- Мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін алдын ала зерделеуді мемлекеттік аудит тобы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мерзімдерде және СМАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне Тексеру комиссияның Төрағасының атына аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссияның мүшесінің мемлекеттік аудит жүргізуге, жоспарлауға және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген қызметтік жазбасын енгізе отырып, СМАҚБ қағидаларында көзделген негіздер бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
- Осы Регламенттің 34-тармағында көзделген қызметтік жазбаны қарау қорытындылары бойынша Тексеру комиссияның Төрағасы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
3.3-параграф. Аудит бағдарламасын және Тапсырмаларды жасау
- Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) ескеріле отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің негізінде мемлекеттік аудит тобы СМАҚБ қағидаларына сәйкес Аудит бағдарламасын жасайды.
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес СМАҚБ қағидаларына сай жасалған Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманың болуы аудиторлық іс-шара жүргізу үшін негіз болып табылады. Әрбір мемлекеттік аудит объектісіне жеке Тапсырма ресімделеді.
- Аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырма және Үстеме (бірлескен, қатар) тексеруді жүргізуге тапсырма СМАҚБ қағидаларына сәйкес жасалады.
- Сапа бақылауын жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қолы қойылған:
1) мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындыны және тану жүргізілген материалдарды (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) тіркей отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің нәтижелері туралы ақпаратты;
2) Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, қызметтік жазбаның жобасын;
3) Аудит бағдарламасының жобасын;
4) Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13647 болып тіркелген) Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес жасалған аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасын сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
- Аудит бағдарламасы және Тапсырмалар, Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды ЖАП ИАЖ-да қалыптастырылады (болған жағдайда).
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Аудит бағдарламасының жобасы бойынша үш жұмыс күні ішінде Заңның 24-бабына сәйкес Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) 750. Сапа бақылауын жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (бұдан әрі – 750. Рәсімдік стандарт), сондай-ақ оны қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықта белгіленген тәртіппен сапа бақылауы жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңіне дейін кемінде төрт жұмыс күні бұрын Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен алдын ала келісілген алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ аудит бағдарламасының жобасын енгізеді.
Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің ескертулері мен ұсыныстарын мемлекеттік аудит тобы жұмыс тәртібімен пысықтайды.
- Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін:
1) мемлекеттік аудит тобының қатысушылары мемлекеттік аудит объектілері бойынша жасап, оған мемлекеттік аудиторлар, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшысы қол қойған, сондай-ақ жоспарлауға, сапаны бақылауы қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшысы келіскен Аудит бағдарламасы екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Тексеру комиссияның мүшесіне бекітуге енгізіледі;
2) Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудит тобының қатысушылары жасап, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған Тапсырмаларға екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
Тексеру комиссиясы мүшесінің аудиторлық іс-шараны жүргізуге тікелей қатысуына жол беріледі. Тексеру комиссиясы мүшесі аудиторлық іс-шараға тікелей қатысқан жағдайда,Аудит бағдарламасы төрағаға бекітілуге енгізіліп, Тапсырмаға Тексеру комиссиясының төрағасы қол қояды.
- Ресурстарды ұтымды пайдалану үшін мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит объектісінде болу мерзімі Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі мерзімінің 70%-нан аспайтын мерзімде болуы керек.
- Кадр қызметі құрылымдық бөлімше басшысының іссапарға жіберу туралы қызметтік жазбасы негізінде жұмыскерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды Тексеру комиссияның аппарат басшысына екі күн ішінде қол қоюға енгізеді.
- Осы Регламенттің 44және 44-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қол қойылғаннан кейін Тексеру комиссияның құжатайналымға жауапты қызметкер Аудит бағдарламаларын және Тапсырмаларды бір тіркеу нөмірімен тіркейді.
- Тіркеу нөмірлері күнтізбелік жылдың басынан бастап мынадай мәндері көрсетіле отырып беріледі:
N-Б – Аудит бағдарламасы;
N-П-Т – Аудиторлық іс-шараны, үстеме, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізуге тапсырма, мұнда N – Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның реттік нөмірі, П – тапсырманың реттік нөмірі;
N-ҚТ – аудиторлық іс-шараны қайта тексеруге тапсырма.
Бір аудиторлық іс-шараның шеңберіндегі екінші және кейінгі Тапсырмаларды тіркеу көрсетілген мәнге дефис қою арқылы реттік нөмір бере отырып (-1Т, -2-Т және т.б.), сол реттік нөмірмен (N) жүзеге асырылады.
- Үстеме тексеру жүргізуге берілген тапсырмаға негізгі мемлекеттік аудит объектісіндегі Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманың нөміріне бөлшек қою арқылы реттік нөмір беріледі (N-1/1-Т, N-2/1-Т және тағы сол сияқты).
Егер үстеме тексеру жүргізу объектісі мемлекеттік аудитті жүргізу барысында айқындалса, онда тапсырманы тіркеу үстеме тексеру жүргізу объектісіне шыққанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.
- Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен (немесе оны алмастыратын адаммен) бірлесіп аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына техникалық оқу (нұсқамалық) өткізеді.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бұйрығымен бірлесіп бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12575 болып тіркелген) Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық оқу (нұсқамалық) өткізуге Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі тартылады.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының келісімі бойынша СМАҚБ қағидаларына сәйкес аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарламаны дайындайды және Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қол қоюымен тікелей мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізудің (үстеме тексеруді қоспағанда) негізгі кезеңі басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.
4-параграф. Жеке мемлекеттік аудит жүргізу
4.1. Аудиторлық іс-шараны жүргізудің ұйымдастырушылық негіздері
51.Мемлекеттік аудит объектісінің басшысына немесе келісімімен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылып жатқан лауазымды адамға Тапсырма көрсетілген күннен бастап екінші күннен кешіктірілмей, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі немесе мемлекеттік аудитор қол қойған Мемлекеттік аудит объектісі басшысының (келісімімен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылып жатқан лауазымды адамның) міндеттерін атқару жөніндегі талап беріледі.
Талаптарды жасау СМАҚБ қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Регламенттің осы тармағында көзделген Талапқа бөлшек арқылы тапсырманың нөмірі беріледі және көрсетілген Талаптың табыс етілген күні көрсетіледі.
- Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тартқан жағдайда және (немесе) аудиторлық іс-шараны жүргізуге кедергі келтірген кезде мемлекеттік аудитор екінші күннен кешіктірмей СМАҚБ қағидаларына сәйкес мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тарту фактісі бойынша акті және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттама құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеде тіркеледі.
- Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында Аудит бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мемлекеттік аудит тобының жетекшісі өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негіздемелерін көрсете отырып дайындаған, жоспарлауға, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары,бұрыштама қойған Тексеру комиссиясыныңаудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің атына жазылған қызметтік жазбаның негізінде БЭҚАЖ-да тіркеле отырып, СМАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады
- Аудиторлық іс-шараны жүргізу процесінде мемлекеттік аудиторлар күн сайын мемлекеттік аудит тобының жетекшісін атқарылған жұмыс туралы хабардар етеді. Құпия сипатқа ие және (немесе) таратылуы шектеулі ақпараты бар іс-шараларды қоспағанда, аудиторлық іс-шаралар шеңберінде, мемлекеттік аудиторлар объектіде аудиторлық іс-шараны жүргізудің екінші аптасынан бастап, апта сайын соңғы жұмыс күні сағат 12:00-ге дейін қорғалған байланыс арналары арқылы немесе қағаз жеткізгіште есепті күнге жасалған аудиторлық есептің, аудиторлық іс-шараның барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесінің (болған жағдайда) және анықталған бұзушылықтар тізілімінің жобаларын жіберіп отырады.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудиторлық іс-шара мәселелерінің толық қамтылуына мониторинг жүргізеді, аудиторлық іс-шараның жекелеген бағыттарын түзетеді және апта сайын аптаның соңғы жұмыс күні сағат 16-00-ге дейін қорғалған байланыс арналары арқылы (соның ішінде жеке есепке алу жазбасы бойынша Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы) Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, сапа бақылауы және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлеріне есепті күнге жасалған аудиторлық есептердің аудиторлық іс-шараның барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесінің (болған жағдайда) және анықталған бұзушылықтар тізілімдерінің жобаларын ұсынады.
- Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі, сапа бақылауы басшысы және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер құзыреті шегінде аудиторлық есептердің жобаларын қарап, оларға ұсыныстар, ұсынымдар (болған кезде) береді.
Осы ұсыныстар мен ұсынымдар бойынша мемлекеттік аудиторлар келесі апталық есепті күнге қабылданған ұсыныстар мен ұсынымдар туралы ақпарат не бас тартудың дәлелді негіздемелерін ұсынады.
- Құпия сипатқа ие және (немесе) таратылуы шектеулі ақпараты бар аудиторлық іс-шаралар бойынша аудиторлық есептердің жобалары Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жіберіледі.
Режимдік мекемелерде аудиторлық іс-шараларды жүргізумен байланысты құпия материалдарды зерделеу және талдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Аудиторлық есептердің жобаларын (Аудиторлық есептерді) дайындау және олар бойынша сапа бақылауы, соның ішінде заң сараптамасы рәсімдерін жүргізу
- Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит жүргізілген объектілердің әрқайсысына СМАҚБ қағидаларына сәйкес аудиторлық есептердің жобалары (Анықталған бұзушылықтар тізілімдері, оларға қоса берілген Анықталған жүйелік кемшіліктер кестелері (бұдан әрі – Тізілім, Кесте) жасалады.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі (мемлекеттік аудитор) объектіде аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік аудиторлар қол қойған аудиторлық есептің жобасын, Тізілімдерді, кестелерді және қосымшаларды (болған жағдайда) мынадай қолайлы тәсілдердің бірі арқылы:
1) мемлекеттік аудитордың өзі қолма-қол;
2) сканерден өткізілгендерін – қорғалған байланыс арналары бойынша;
3) Аудиторлық есеп жобасының тұпнұсқасын (құпияны қоспағанда) фельдъегерлік байланыс не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
4) құпия сипаты бар аудиторлық іс-шаралар бойынша, – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сапа бақылауға және құқықтық қамтамасыз ету бөліміне жібереді.
60.Сапаны бақылау құқықтық қамтамасыз ету бөлімі,59-тармақта аталған құжаттарды тіркеп,есепке алу журналын жүргізеді.
Есепке алу журналында, келіп түскен құжат күні және нөмері, мәтіні,жауапты аудитор және жауапты комиссия мүшесі туралы мәлімет қамтылу тиіс.
- Сапаны бақылауға және құқықтық қамтамасыз етуге бөлімі СМАҚБ қағидаларына және 750. Рәсімдік стандартқа, сондай-ақ оны қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулыққа сәйкес осы Регламенттің 58-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оларға сапа бақылауы және заң сараптамасы рәсімін жүргізеді.
- Егер Аудиторлық есептің жобасында (Аудиторлық есепте):
1) бұзушылықтардың елу тармағына дейін қамтылса, заң сараптамасы ол Тексеру комиссиясына тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі;
2) бұзушылықтардың елу және одан да көп тармағы қамтылса, заң сараптамасы ол Тексеру комиссияның кеңсесінде тіркелген күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
- Егер заң қорытындысын (сараптамалық қорытындыны) дайындау кезінде аудиторлық іс-шара материалдарына мемлекеттік аудиторлар тіркелген Аудиторлық есепке қоса берілмеген құжаттарды ұсынса, олар мұндай құжаттарды мемлекеттік аудит материалдарына, соның ішінде оның электрондық нұсқасына қоса тіркейді.
Құжаттарды қоса тіркеу мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің Тексеру комиссияның мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мүшесін хабардар ете отырып, құжат айналымына, құқықтық қамтамасыз етуге, сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшеге аудиторлық іс-шараның қорытындыларын дайындау процесі аяқталғаннан кешіктірмей қоса тіркеуге жататын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін қоса бере отырып, БЭҚАЖ арқылы қызметтік жазба жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
- Аудиторлық есептің, оған қоса берілген Жүйелік кемшіліктер кестесі мен Тізілімнің жобасына заң қорытындысын қарауды мемлекеттік аудит тобы оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Заң қорытындысын қарау кезінде Тексеру комиссияның мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мүшесінің (болған жағдайда) және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ескертулері мен ұсыныстары ескеріледі. Ескертулер мен ұсыныстар қабылданбаған жағдайда, мемлекеттік аудит тобы дәлелді жауап береді.
Аудиторлық есептің, оған қоса берілген Жүйелік кемшіліктер кестесі мен Тізілімнің жобасына заң қорытындысын қарау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, даулы мәселелер 750. Рәсімдік стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта айқындалған тәртіппен келісу комиссиясының қарауына шығарылады.
Сараптаманы қарау нәтижелері бойынша Аудиторлық есепке аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудитор екі данада қол қояды. Мемлекеттік аудиторлар Аудиторлық есептің екінші парағынан бастап барлық бетіне қол қояды.
Аудиторлық есептің бір данасы Тексеру комиссиясында қалады.
Аудиторлық есептің екінші данасы аудиторлық іс-шара шеңберінде соңғы аудит объектісінде аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімі ішінде аудит объектісіне жіберіледі. Аудиторлық есеп осы Регламенттің 60-тармағында көрсетілген қолайлы тәсілдердің бірі арқылы жіберіледі.
- Мемлекеттік аудит объектісінің Тексеру комиссиясына келіп түскен Аудиторлық есепке қарсылықтарын Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудиторлармен, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерімен,мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға тартылған сарапшылармен (болған жағдайда) бірге Аудиторлық қортындыны дайындау кезеңінде қарайды,содан кейін қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып,мемлекеттік аудит обьектісіне уәжді жауап Тексеру комиссиясы отырысы өткізілетін күнге дейін сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
- Тексеру комиссияға келіп түскен Аудиторлық есепке қарсылықтар және оларға уәжді жауаптар Тексеру комиссияның отырысынан кейін міндетті түрде аудиторлық іс-шара материалдарына және олардың ЖАП ИАЖ-дағы және (немесе) БЭҚАЖ-дағы электрондық нұсқаларына қоса тіркеледі.
Аудиторлық іс-шара шеңберінде қалыптастырылған құжаттар сканерленген нұсқалары қоса тіркеліп,ЖАП ИАЖ-да орналастырылады
4.3. Аудиторлық қорытындылардың жобаларын дайындау және олар бойынша сапа бақылауын, соның ішінде заң сараптамасы рәсімдерін жүргізу
- Аудиторлық есептердің негізінде мемлекеттік аудит тобы, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің жетекшілік етуімен Аудиторлық қорытындының, Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімінің (бұдан әрі – Жиынтық тізілім), Анықталған жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесінің (бұдан әрі – Жиынтық кесте) жобаларын, сондай-ақ Қаулылар мен Нұсқамаларды қалыптастырады.
Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, аудит жүргізуге жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі келіскен Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Анықталған жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесінің жобаларын, сондай-ақ Қаулылар мен Нұсқамалардың жобаларын СМАҚБ қағидаларына сәйкес сапа бақылауын сапа бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөліміне жібереді .
- Сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде СМАҚБ қағидаларына, 750 Рәсімдік стандартқа және оны қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулыққа сәйкес сапа бақылауы және заң сараптамасы рәсімін жүзеге асырады.
- Мемлекеттік аудит тобы Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулылар мен Нұсқамалардың жобалары бойынша сапа бақылауы мен заң сараптамасының нәтижелері бойынша сараптамалық және заң қорытындыларын алған кезінен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
- Аудиторлық қорытындының жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудиторлар, аудит тобының жетекшісі, сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қояды.
Құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда, Аудиторлық қорытындының жобасына сапа бақылау және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қойып, оның жазбаша ұстанымы қоса беріледі.
Жиынтық кестенің жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген барлық жұмыскер қол қояды.
Жиынтық тізілімнің жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген барлық жұмыскер қол қояды, сапа бақылау және құқықтық қамтамсыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы бұрыштама қояды.
Мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауына, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары нұсқаманың жобасын келіседі және Аудиторлық қорытынды бекітілген соң, оған Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қояды.
Аудиторлық қорытындының жобасы (мемлекеттік аудит объектілерінің қаралған қарсылықтарын ескере отырып) негізгі мемлекеттік аудит объектісі өкілінің баяндамасы (сөйлейтін сөзі) тезистерінің жобаларымен бірге Тексеру комиссияның отырысы өткізілгенге дейін төрт жұмыс күні бұрын Тексеру комиссияның Төрағасына енгізіледі.
Аудиторлық қорытындының жобасы (мемлекеттік аудит объектілерінің қаралған қарсылықтарын ескере отырып) қосымшаларымен бірге Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын Тексеру комиссияның мүшелеріне енгізіледі.
Тексеру комиссияның мүшелері екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит материалдарына өздерінің ескертулерін Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне (болған жағдайда) ұсынады.
- Тексеру комиссияның отырысында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары қаралады. Аудиторлық қорытынды, нұсқама Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің және мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің ақпаратын тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданады.
Тексеру комиссияның отырысында Аудиторлық қорытындының жобасына құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған кезде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ақпараты тыңдалады.
5-параграф. Қаржылық бақылау
5.1. Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау
- Заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін Нұсқама дайындайды. Нұсқама аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер, сапа бақылауына жауапты бөлім басшысымен келісіліп, Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жіберіледі.
- Тексеру комиссияның Нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының жауаптылығы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген.
- Егер мемлекеттік аудит объектісінің басшысы Мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талапта көрсетілген және (немесе) құжаттарды ұсыну мерзімдері аяқталғанымен, Заңның 21-бабында көзделген міндеттерін орындамаса мемлекеттік аудитор анықталған күні, ал әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын және жеке тұлғаның жеке басын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ӘҚтК-нің 462-бабының негізінде ӘҚтК-нің 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, оның жобасы ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде оны ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде аудиторлық іс шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесімен келісіледі.
Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ӘҚтК-де белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Тексеру комиссияларының мемлекеттік аудиторлары ӘҚтК-нің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды ӘҚтК-ге сәйкес толтырады және әкімшілік жазалар қолданады.
Тексеру комиссияларының мемлекеттік аудиторлары ӘҚтК-нің 234-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ӘҚтК-ге сәйкес жасайды.
- Хаттаманың жобасы ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде ұсынылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.
- Хаттамаға мынадай құжаттар:
1) құқық бұзушының жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі);
2) функционалдық және лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, адамдардың жазбаша түсініктемелері (не түсініктеме беруден бас тарту туралы акті);
3) анықталған құқық бұзушылықтың белгілерін растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе лауазымды адамдардың қолымен, ұйымның мөрімен немесе мөртабанымен расталған төлнұсқаларының көшірмелері:
соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтың түріне қарай:
жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың, бақылау өлшемдерінің (тексеріп қараулардың) және тағы басқаларының) актілері;
сараптаманың және мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың қорытындылары (жүргізілген жағдайда);
операция немесе әрекет фактісін қамтитын құжаттар немесе олардың көшірмелері, соның ішінде шешімдер;
орындалған жұмыс актілері (тауарларды қабылдау-тапсыру, қызметтерді көрсету, есептен шығару, жою актілері);
мемлекеттік сатып алу туралы бұйрықтар, хаттамалар және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың шешімдері;
шарттар;
ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар:
төлем тапсырмалары (төлеуге арналған шоттар, түбіртектер, чектер);
ведомостер, ордерлер, нарядтар;
4) лауазымды адамдардың өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері:
жарғылар, ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар;
анықталған бұзушылықтарға қатысы бар лауазымды адамдарды тағайындау (жұмыстан босату) туралы бұйрықтар;
5) мемлекетке, мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғалардың мүдделеріне келтірілген залалдың сомасын растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері:
анықтамалар, кестелер, диаграммалар;
есептеулер;
бұзушылық фактілерін көрсететін және аудиторлық есептің ажырамас бөлігі болып табылатын фотоматериалдар қоса беріледі.
6) Бұл құжаттар тізбесі толық болып табылмайды.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауаптықызметкер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын хаттама жасалған кезден бастап үш тәуліктің ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан сотқа жібереді.
5.2. Материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру
- Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкерімен келіскеннен кейін, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалатын бұзушылық фактілері бойынша материалдарды аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісіне жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органдарға жіберуді жүзеге асырады.
Әрбір әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар тиісті уәкілетті органдарға жеке-жеке ілеспе хатпен жіберіледі.
- Тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды беру Заңның 5-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады
5.3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, соның ішінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету және нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап қоюды беру
80.Тексеру комиссия сотқа талап қоюды беруді нұсқамаларының,соның ішінде бюджетке өтеудің, жұмыстары орындау, қызметтер көрсету,тауарлар беру және (немесе) ерікті түрде өтелмеген (қалпыны келтірілмеген) анықталған бұзушылықтар сомаларын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірудің қажеттігін қамтитын нұсқамаларының тапсырмалық тармақтары көрсетілген мерзімдерде орындалмаған және орыяндау мерзімдерін ұзарту туралы шкшім болмаған кезде жүзеге асырады.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше нұсқамалардың тапсырмалық тармақтары орындалуы тиіс күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда, Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен алдын ала келісім бойынша Тексеру комиссиясы Төрағасының атына сотқа талап қоюға бастамашылық жасау туралы қызметтік жазбаның жобасын дайындап, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкерге келуге жібереді.
- 82. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер5 жұмыс күні ішінде растайтын құжаттар болған кезде сотқа талап қоюдың орындылығы тұрғысынан қызметтік жазбаның жобасын қарайды.
Сотқа талап қою негізділігі болған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше бағалау және сапаны бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік жазбасын келіседі, ал бас тартқан жағдайда, тиісті қорытынды жібереді.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісім бойынша Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған, сотқа талап қоюға бастамашылық жасалғаны туралы қызметтік жазба жасайды және тиісті шаралар қабылдау үшін Тексеру комиссияның Төрағасына жібереді.
- Сотқа талап қоюды беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөліммен және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес құжаттар дайындайды.
4-тарау. Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың, Нұсқамалардың орындалуын мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыру
6.1. Тексеру комиссияның Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды, Нұсқамаларын бақылауға қою және олардың орындалуын мониторингілеу
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөліміТексеру комиссияның Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды, Нұсқамаларының тармақтарын қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде бақылауға қоюды жүзеге асырады, апта сайынғы ақпаратты БЭҚАЖ-ғажіберу арқылы олардың орындалу мерзімі туралы ескертеді.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер жартыжылдықта бір рет құқық қорғау органдарына жіберілген аудиторлық іс-шаралар материалдарын қараудың нәтижелеріне мониторинг жүргізеді.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Тексеру комиссияның Нұсқамалары тармақтарының іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді және тоқсан сайынғы негізде Тексеру комиссия Төрағасын хабардар етеді.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші айының 15 күнінен кешіктірмей, Тексеру комиссиясының Төрағасына аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасын бақылаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ талдаудың қорытындысы бойынша Тексеру комиссияның Аудиторлық қорытындыларында қамтылған ұсынымдардың, Қаулыларының (Нұсқамаларының) орындалу сапасы жөнінде жинақталып қорытылған ақпарат ұсынады.
6.2. Мемлекеттік аудит объектісінің Тексеру комиссияның
Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамасының тармақтарын орындауын талдау
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектісінен ақпарат (растайтын құжаттар) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде СМАҚБ қағидаларына сәйкес Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқама тармақтарын мемлекеттік аудит объектілерінің орындауына бақылау жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит объектісінен ақпарат (растайтын құжаттар) Нұсқаманы немесе Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды орындау бойынша үш және одан көп тармақ (тармақша) немесе үш және одан көп бөліктен тұратын тармақтар (тармақшалар) бойынша түскен жағдайда, бақылау он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері немесе аудит объектісінен және мүдделі адамдардан қосымша ақпарат сұрату қажеттігі туралы қызметтік жазба жобасын дайындап, Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне енгізеді. Тексеру комиссиясының мүшесінің қолы қойылған қызметтік жазба Тексеру комиссиясының Төрағасына жіберіледі.
Сот талқылауларын жүргізуге және (немесе) заңнаманы жетілдіруге байланысты мәселелер бойынша ұсынымдарды және (немесе) нұсқамаларды орындау нәтижелері бойынша дайындалған қызметтік жазбаның жобасы құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.
- Егер сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше аудит объектісінің ұсынымдардың және (немесе) нұсқамалардың тармақтарын орындау мерзімін ұзарту үшін ұсынған негіздемелерін СМАҚБ қағидаларында көзделген негіздерге сәйкес келмейді деп танылса, онда ол Тексеру комиссияның мүшесінің қолымен нұсқамалардың тармақтарын және (немесе) аудиторлық қорытындының ұсынымдарын тиісінше орындамағаны туралы хат жібереді.
- Тексеру комиссияның Төрағасы осы Регламенттің 92-тармағында көзделген қызметтік жазбаның негізінде Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқаманың, Қаулының тармақтарын бақылаудан алу, орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссияның Төрағасының қарары бар Тексеру комиссиясының жауапты мүшесінің қызметтік жазбасын және мемлекеттік аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың, Қаулылардың тармақтарын орындауы туралы ақпаратты ЖАП ИАЖ-ға жүктеуді жүзеге асырады.
6.3. Тексеру комиссияның шешімдерінің орындалуын тексеру
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылық етуімен Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалар тармақтарының толық орындалуы туралы мемлекеттік аудит объектісінен ақпарат алған күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде объекті қабылдаған шаралардың толықтығына бақылау жүргізу, сондай-ақ бұзушылықтардың жойылуын және ұсынымдардың орындалуын растау қажет болған кезде Тексеру комиссиясы Төрағасының атына Тексеру комиссияның шешімдерінің орындалуына тексеру (бұдан әрі – тексеру) жүргізу күнін келісе отырып, оны жүргізудің орындылығы туралы қызметтік жазба дайындайды.
- Тексеру жүргізу туралы шешімді Тексеру комиссияның Төрағасы қабылдайды.
- Тексеру комиссияның тексеру жүргізу тәртібі СМАҚБ қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
- Тексеру комиссияның Төрағасының қарары бар тексеру актісі, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің ақпараты ЖАП ИАЖ-ға енгізіледі.
6.4. Мемлекеттік аудит объектісінің ақпаратты ұсынбауы,
Нұсқаманың тармақтарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы жөнінде шаралар қабылдау
- Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі, Нұсқама тармақтарының орындалу мерзіміне дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын мемлекеттік аудит объектісіне БЭҚАЖ (болған жағдайда) арқылы және қағаз түрінде поштамен ӘҚтК-нің 462-бабында көзделген әкімшілік жауаптылық туралы ескерту жібереді.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектісі ақпарат ұсынбаған жағдайда – бес жұмыс күні ішінде, ал көрсетілген мерзімде Нұсқама тармақтарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда – Нұсқамада көрсетілген мерзім өткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде Тексеру комиссияның Төрағасының атына мемлекеттік аудит объектісіне әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану туралы қызметтік жазбаның жобасы аудит объектісінің дәлелдерін қабылдамау себептерін негіздей отырып, Нұсқама тармақтарына байланысты құжаттарды қоса бере отырып (ескерту-хабарлама, алдыңғы ұзартулар бойынша қызметтік жазбалар, аудит объектісімен хат алмасу, болған жағдайда) дайындайды және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге келісуге жібереді.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше үш жұмыс күні ішінде қызметтік жазбаның жобасын әкімшілік іс жүргізуді қозғаудың орындылығы тұрғысынан қарайды.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін негізділігі болған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік жазбасын жұмыс тәртібімен келіседі, ал бас тартқан жағдайда, тиісті қорытынды жібереді.
Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісім бойынша мемлекеттік аудит объектісіне әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану туралы Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған қызметтік жазба жасайды және Тексеру комиссияның Төрағасына жібереді.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау орынды деп танылған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап үш тәулік ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше әкімшілік іс материалдарын тиісті сотқа жібереді.
- Мемлекеттік аудит объектісінің, мүдделерін аудиторлық іс-шаралар қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағым жасауы мерзімдерін сақтай отырып, мемлекеттік аудит объектісі нұсқаманы орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудитті жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкерімен келісу бойынша Тексеру комиссияның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын құқық қорғау органдарына беру туралы қызметтік жазба жасайды және Тексеру комиссияның Төрағасына жібереді.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын беру орынды деп танылған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларында айқынндалған тәртіппен аталған материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдерімен бірге құқық қорғау органдарына жібереді.
6.5. Мемлекеттік аудит материалдарын есепке алу
- Тексеру комиссияның Аудиторлық қорытындысы бекітіліп, Нұсқамасына қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудит материалдарын (Аудиторлық есеп (№1 дана), мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары мен түсіндірмелерін (болған жағдайда), материалдарды қоса беру туралы қызметтік жазбаны (болған жағдайда) және Тексеру комиссияның қарсылықтарға уәжделген жауаптарын, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің сараптамалық қорытындыларын, Аудиторлық қорытындыны, Жиынтық тізілімді, Жиынтық кестені (болған жағдайда), отырыс хаттамасын, қаулыны, нұсқамаларды) аудиторлық іс-шара материалдары бар жинақ папканы толықтырып, кейіннен архивке өткізу үшін құжат айналымына жауапты қызметкерге тапсырады. Аудиторлық іс-шара материалдарының электрондық нұсқалары Бірыңғай дерекқордың электрондық архивіне енгізіледі.
- Құжат айналымына жауапты қызметкер Аудиторлық есептердің, Жүйелік кемшіліктер кестесінің, Тізілімнің және Аудиторлық есепке қосымшалардың түпнұсқалары, үш жұмыс күні ішінде оларды сканерлейді, Аудиторлық есептерді БЭҚАЖ-да тіркейді.
Аудиторлық іс-шара шеңберінде қалыптастырылған құжаттар сканерленген нұсқалары қоса тіркеліп, ЖАП ИАЖ-да орналастырылады.
Аудиторлық іс-шара материалдарының электрондық нұсқалары Бірыңғай дерекқордың электрондық архивіне енгізіледі.
- Аудиторлық іс-шараның мемлекеттік құпияларды қамтитын материалдары Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес сақталады.
5-тарау. Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізу
- Тексеру комиссиясының отырыстары тоқсан сайын нақтыланатын аудиторлық
іс-шаралардың аяқталуы ескеріле отырып, отырыстардың жылдық кестесіне сәйкес жоспарланады және өткізіледі.
- Тексеру комиссиясының отырысы оған Тексеру комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқанда заңды болып саналады.
- Бірлескен аудит жүргізілген жағдайда, отырысқа аудитке қатысқан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілдері қатысады.
- Тексеру комиссиясының отырыстары, заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда, ашық болып табылады және мемлекеттік тілдеде жүргізіледі.
- Аудит қорытындылары бойынша отырыстарды дайындау кезінде Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты мүшесі аудит тобының басшысымен бірлесіп, отырыстарды өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес отырыс өткізілгенге дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын құжаттамаға жауапты құрылымдық бөліміне тиісті материалдарды (отырысқа шақырылғандардың тізімі, аудит объектілеріне қатысты мәселелер, баяндама, аудиторлық қорытынды, қаулы, нұсқама, жиынтық тізілім жобалары) ұсынады.
Құжаттамаға жауапты құрылымдық бөлімі аппарат басшысының және Тексеру комиссиясының жауапты мүшелерінің келісімі бойынша отырыстың күн тәртібін, өткізу тәртібін әзірлейді және материалдық-техникалық дайындауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
- Талқылануы аудит объектісі өкілдерінің қатысуын талап етпейтін мемлекеттік аудит материалдары бойынша отырыстар олардың қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.
- Отырыс барысында құпияға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдары талқыланатын отырыстар Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманың талаптары сақтала отырып өткізіледі.
- Құпияға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мәселелерді қарастыру кезінде бейне және фотоаппарат жабдығын, ұялы телефондарды және өзге де жазу құрылғыларын пайдалануға жол берілмейді. Жергілікті желілер мен дербес компьютерлер тоқтан ажыратылады, селекторлық байланыс ажыратылады.
- Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды бақылауды Тексеру комиссиясының аппарат басшысы қамтамасыз етеді.
- Тексеру комиссиясының отырысында мәселелерді қарастыру нәтижелері бойынша шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Егер отырысқа қатысушылардың санынан Тексеру комиссиясы мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
- Отырысқа енгізілген мәселені талқылау кезінде Тексеру комиссиясы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде ресімделеді және отырыс хаттамасына қоса беріледі.
118.Тексеру комиссиясының отырысын өткізу кезінде хаттама жүргізіледі. Оны ресімдеу үшін құжаттамаға жауапты Аппарат басшысы белгілеген қызметкер тағайындалады. Хаттамада талқыланатын мәселелердің мәні, қатысып отырған адамдардың тізімі, талқылауға енгізілетін мәселелер бойынша баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, отырыста қабылданған шешімдер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, Тексеру комиссиясы отырыстарының аудио және бейнежазбасы жүргізіліп, артынан фонограммалардың толық жазылуы және оларды басып шығару жүргізілуі мүмкін, олар отырыстың хаттамасына қоса тіркеледі (техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда). Тексеру комиссиясы отырысының хаттамасы ол өткізілген күннен бастап үш күн мерзімде жасалады.
- Тексеру комиссиясы отырыстарының хаттамаларына Тексеру комиссиясының отырысқа қатысқан мүшелері бұрыштама қояды және оған отырыста төрағалық етуші тұлға қол қояды.
- Тексеру комиссиясының аудитке жауапты мүшесі аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша баспасөз релизін, ақпаратты дайындайды және қажеттілігіне қарай баспасөз конференцияларын, брифингтерді, кездесулерді, дөңгелек үстелдерді өткізеді, олар Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгеннен кейін Тексеру комиссиясы төрағасының келісімі бойынша Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
6-тарау. Өтініштерді қарау және азаматтарды қабылдауды жүргізу тәртібі
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
- Азаматтарды қабылдауды Тексеру комиссиясының төрағасы, Тексеру комиссиясының мүшелері, Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады.
- Келушілерді қабылдау кестесі Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында, сондай-ақ келушілерді қабылдайтын тұлғаларды және қабылдау уақытын көрсете отырып, көзге көрінетін қолжетімді жерлерде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.
- Азаматтарды қабылдауды есепке алуды құжаттамаға жауапты құрылымдық бөлімінің қызметкері өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын, оның жұмыс орнын, лауазымын, мекенжайын, өтініштің қысқаша мазмұнын, тапсырманы және қарау нәтижелерін көрсете отырып, азаматтарды қабылдауды есепке алу журналында жүргізеді.
- Келуші қойған мәселелерді білікті шешуді қамтамасыз ету үшін қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға олардың қарауына аппарат қызметкерлерін тарта алады немесе олардан қажетті кеңес ала алады.
- Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтерген мәселелер жазбаша түрде жазылады және заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
- Егер келуші өтініш жасаған мәселені шешу Тексеру комиссиясының құзыретіне кірмейтін болса, онда қабылдауды жүргізуші оған қандай уәкілетті әкімшілік органға (ұйымға немесе мекемеге) жүгіну керектігін түсіндіреді және мүмкіндігінше оған қажетті көмек көрсетеді.
7-тарау. Еңбек кестесі және еңбек тәртібі
Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі. Өткізу режимі
- Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі еңбек заңнамасымен және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
- Тексеру комиссиясында келесі жұмыс тәртібі белгіленеді:
- жұмыстың басталуы – сағат 09:00-да;
- жұмыстың аяқталуы – сағат 18:00-да;
- түскі үзіліс – сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін;
- жұмыс аптасының ұзақтығы – 5 күн (40 сағат).
Қызметкерлерден икемді кестесін қолдану туралы өтініштер түскен жағдайда, бұл мәселені қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастыруға болады.
- Орындалуы Тексеру комиссиясының жұмысына ықпалын тигізетін шұғыл және алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау үшін жекелеген қызметкерлер демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылуы мүмкін. Мұндай жұмыстардың ақысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтеледі.
- Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жұмыста болмауына Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағы және (немесе) анықтамасы бар болған кезде ғана жол беріледі.
- Дәлелді себептері болған кезде қызметкерге жұмыс күні ішінде қатарынан үш және одан да көп сағатқа дейін жұмыс орнында болмауына рұқсат етілуі (келісім берілуі) мүмкін. Жұмыста болмауын келісу және дәлелді себептерді тану тиісті қызметкердің өтініші бойынша персоналды басқару жөніндегі бас инспекторды ескерте отырып: Тексеру комиссиясының төрағасы – Тексеру комиссиясының мүшелеріне және аппарат басшысына қатысты, аппарат басшысы – бөлім басшыларына қатысты; бөлім басшылары – қызметкерлерге қатысты жүргізіледі.
- Қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды Тексеру комиссиясының аппарат басшысы, бөлім басшылары және Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
- Жұмыс уақыты есебінің табелін жүргізу және оны уақытылы жалақы есептейтін жауапты қызметкерге беруді Кадр қызметі жүзеге асырады.
- Тексеру комиссиясының ғимаратына кіруді шектеу бойынша техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда, Тексеру комиссиясының қызметкерлерін ғимаратқа өткізу электрондық (магниттік) карталар бойынша, келушілерді ғимаратқа өткізу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
- Төтенше жағдай, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде қашықтықтан жұмыс режимі белгіленеді. Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулерін сақтай отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді.
Икемді жұмыс уақыты режимі белгіленген жұмыскерлердің тізімін аппарат басшысының ұсынысы негізінде Төраға бекітеді.
- Еңбек демалыстарын беру кезектілігі осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тексеру комиссия жұмыскерлерінің тиісті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесімен айқындалады, олар кадр қызметіне жинақтау үшін күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей ұсынылатын құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде жасалады.
- Тексеру комиссия жұмыскерлерінің кезекті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесін Тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді.
8-тарау. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және мониторинг жүргізу
- Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және келісуді жауапты құрылымдық бөлімшелер, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асырады.
9-тарау. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды маниторингілеу және бақылау
- Қылмыстық немесе немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдық аудит материалдын Тексеру комиссиясының лауазымды адамдары құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және ( немесе) қорғауға уәкілетті органдарға қарау үшін жібереді.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты кызметкер:
1)қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарына;
2)әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтитын және Тексеру комиссияға қарау үшін уәкілетті органдарға жіберетін мемлекеттік аудит материалдарына;
3)Тексеру комиссия жасайтын және сотқа қарау үшін жіберілетін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларға маниториг және бақылау жүргізеді.
Осы тармақтардың 1,2,3) тармақшасында көзделген материалдарды жіберуді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкермен кесілгеннен кейін мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
- Осы регламенттің 141-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген материалдарды жіберуді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер фактілердің қысқаша баяндалуымен және құқық бұзушылықтың ықтимал сараланумен жалпыланған анықтама дайындайды.
Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелер бір жұмыс күні ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкерге уәкілетті органдарға жіберу үшін қажетті жетіспейтін немесе қосымша құжаттарды ұсынады.
- Осы регламенттің 141-тармағының 1)тармақшасында көзделген берілген материалдар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер берілген материалдар бойынша қабылданған шешімдер туралы салыстыру актісінің жобасын қалыстастырады және облыстық прокаратураға, экономикалық тергеп-тексеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге жіберіледі.
- Осы регламенттің 141тармағының 2),3)тармақшаларында көзделген берілген материалдар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер есепке алуды жүргізеді.
- Аудиторлық іс-шараның қортындылары бойынша анықталған және (немесе ) құзіреті шегінде қарау үшін Тексеру комиссияға қарауға келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған және (немесе) лауазымдық нұсқаулықтарына әкімшілік хаттама жасау кіретін мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскері, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскері қатысады.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер тоқсанның қортындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей осы Регламанттің 141-тармағының 2) тармақшасындағы материалдар бойынша мәліметтерді қалыптастырады және мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге салыстырып тексеру және келісу үшін жібереді.
Мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше екі жұмыс күні ішінде осы ақпаратты келіседі не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізеді.
10-тарау. Тексеру комиссиясының интернет-ресусының және әлеуметтік желілердегі ресми аккауынтарының жұмыстеуін қамтамасыз ету
- Тексеру комиссиясының интернет-ресусының жұмысын:
1) Құжат айналымға жауапты қызметкер –ақпараттық материалдарды орналастыру бойынша техникалық сүймелдеу бөлігінде.
2) Аппарат басшысы Тексеру комиссиясының интернет-ресурсы материалдарының өзектілігін, сапасын, уақтылы орналастыруын және толықтығын және ішкі бақылауды тұрақты негізде маниторингілеу бөлігінде қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының интернет- ресурсындағы тиісті ақпараттың өзекті болуы мен ұсынудың уақтылығын Аппарат басшысы қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының жұмысын үйлестіру, жаңалықтар, оқиғалар, медиа галерияға арналған материалдар қамтылған «Баспасөз орталығы» бөлімін жүргізу құжат айналымға жауапты қызметкерге жуктеледі.
11-тарау.Мемлекеттік аудит жүргізу үшін аудиториялық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу
- Тексеру комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу үшін аудиториялық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың қызметтерін сатып алған кезде техникалық өзіндік ерекшелік (конкурстық құжаттама) Тексеру комиссиясының тиісті аудиториялық іс-шараны өткізуге жауапты мүшесімен келісіледі.
- Тексеру комиссиясының тиісті аудиториялық іс-шараны өткізуге жауапты мүшесі аудиториялық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың көрсетілген қызметтерінің нәтижелерімен танысып келеді.
Тексеру комиссияның
регламентіне 1-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
Атырау облысы бойынша
тексеру комиссиясының
Төрағасы
___________________ А.Ә.Т.
20__ жылғы «___» ______
Атырау облысы бойынша Тексеру комиссияның кезекті жылға (тоқсанға) арналған жұмыс жоспары
|
Р/с
№
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқталу нысаны
|
Орындау мерзімі
|
Күтілетін нәтижелер
|
Орындауға жауаптылар
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Тексеру комиссиясының
регламентіне
2-қосымша
Нысан
Жұмыс жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп
|
Жоспар бойынша тармақтың және тармақша-ның №
|
Іс-шараның атауы
|
Жоспарда көрсетілген аяқталу нысаны
|
Нақты орындау мерзімі
|
Жұмыс жоспарының іс-шараларын орындау мақсатында Тексеру комиссияның басшылығына ұсынылған Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесі құжатының (жазбалар, есептер және ақпарат) №, күні және мәтіннің қысқаша мазмұнын көрсете отырып, ол бойынша қарар
|
Қол жеткізілген нәтижелер (жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі)
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
Тексеру комиссиясының
регламентіне
3-қосымша
Нысан
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы жұмыскерлерінің ____ жылға арналған еңбек демалыстарының графигі
|
Р/с
|
Жұмыскердің
А.Ә.Т.
|
Жұмыскердің лауазымы
|
Еңбек демалысының жоспарланған кезеңі (ай)
|
Жұмыскердің
қолы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
|
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
6.
|
|
|
|
|
Ескертпе: құрылымдық бөлімшелер жаңадан қабылданған жұмыскерлер болған кезде кадр қызметіне графикке өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдайды.