
Рашев Жантөре Сәкенұлы 1989 жылы 17 ақпанда Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ.
2011 жылы Атырау қаласындағы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
«Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері.
2011 – 2012 жылдар аралығында Жылой аудандық қаржы бөлімінде бас маман;
2012 – 2018 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында бас маман, бас инспектор – мемлекеттік аудитор, бөлім басшысы;
2018 – 2023 жылдары аралығында Атырау облысы Жылой ауданы әкімінің орынбасары әкімі;
2023 – 2024 жылдары аралығында Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі;
2024 жылдың жылдың маусым айынан бастап Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.