Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Әскри жиындар дегенім не?

Жауап: Әскери жиындар – əскери міндеттілер мен азаматтардың əскери білім алуы жəне оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда əскери басқару органдары, уəкілетті мемлекеттік органдар əскери даярлық бойынша өткізетін іс-шаралар.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.1 бап,11 тармақ.

  1. Жергілікті әскери басқару органдарына тіркелуге кімдер жатады?

Жауап:    Жергілікті әскери басқару органдарына тіркелуге мыналар жатады:

      1) он жеті жасқа толған ер азаматтар;

      2) бұрын әскери есепте тұрмаған ер азаматтар;

      3) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар;

      4) әскери-есептік мамандығы бар әйел азаматтар.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.16 бап,2 тармақ.

Дата публикации
04 декабря 2025