Сұрақ: Өтініштерді қарау мерзімдері?
Жауап: 1 . Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.
2 . Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
3 . Өтінішті қарау мерзімін субъектінің басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.
4 . Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
2) Сұрақ: Қазақстан Республикасында халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту тәртібі қандай нормативтік-құқықтық актімен айқындалған?
Жауап: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларымен (Сілтеме: 1-бап. Осы халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) "азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 12 - бабы 1-тармағының 70-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды хабардар ету, білімді насихаттау, оқыту тәртібін айқындайды).
3) Сұрақ: халық азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туралы қалай біле алады?
Жауап: Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туралы ақпарат халыққа азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледі. (Анықтама: 6-бап. Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туралы ақпарат ашық болып табылады және азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа беріледі)
4)Сұрақ: Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларына кім үйретеді?
Жауап: Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар радиохабарларды тыңдау, интернет-ресурстарды, телебағдарламаларды көру, жадынамалар, үнпарақтар мен буклеттер оқу, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою тақырыбында өткізілетін іс-шараларға қатысу арқылы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелерін өз бетінше зерттейді. (Анықтама: 76-бап. Төтенше жағдайлардан қорғау мәселелерін зерттеу радиохабарларды тыңдау, интернет-ресурстарды, телебағдарламаларды қарау, жадынамалар, үнпарақтар мен буклеттер оқу, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою тақырыбы бойынша өткізілетін ісшараларға қатысу арқылы дербес жүзеге асырылады)