Жауап:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен сәйкес Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу Қағидаларының 5-тарауының 61) тармақшасының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында әскери қызмет, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткермеген азаматтарға әскери билеттер жұмылдыру кезеңінде беріледі, заңдарда белгіленген тәртіппен соғыс жағдайы мен соғыс уақытында.
Жауап:
1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының аумағын қамти отырып, республикалық құлақтандыру жүйесі;
2) аумақтық деңгейде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтарын қамти отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі;
3) объектілік деңгейде – адамдар жаппай болатын объектінің, қауіпті өндірістік объектінің аумағын және төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халықты қамти отырып, жергілікті құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады.
Жауап:
Ұзындығы 4,5 км Махамбет ауданының Махамбет ауылындағы Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары.жобаның бастапқы құны 10,9 млрд. теңге. Жобаны іске асыру мерзімі 2021-2023 жылдар.
2021 жылы РБ-дан 1,6 млрд. теңге бөлінді.
2022 жылы РБ-дан 4,2 млрд.теңге, ЖБ-дан 223,0 млн. теңге бөлінді.
2023 жылы РБ-дан 1,8 млрд.теңге, ЖБ-дан 1,5 млрд. теңге бөлінді.
2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша жоба 45% - ға іске асырылды. Бөлінген және игерілген қаражаттың жалпы сомасы 9,3 млрд теңгені (85,32%) құрады.
Орындалған жұмыстардың пайызы бөлінген қаржымен сәйкес келмейді, өйткені қаражаттың көп бөлігі қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға жұмсалады.
2023 жылы бұл жобаның мерзімі 2025 жылға ұзартылды. Жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты сметалық құны 10,9 млрд теңгеден 17,9 млрд теңгеге дейін өзгерді. Жайық өзені арнасының жобалық мәндерден өзгеруіне байланысты түзетулер қажет болды. 2024 жылға ЖБ-дан 765,6 млн. теңге бөлінді.