Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және
азаматтық қорғау басқармасы қызметіне
жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы, 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы басшысының 2023 жылғы 8қарашадағы №59 «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының қызметіне 2023 жыл бойынша 2023 жылдың 8-13желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:
Қажкенов Есмұхан Қайыржанұлы - Басқарма басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
МасатовБектұрғанТабылдиевич - Жұмылдыру даярлығы. Аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
Тайров Мейрамбек Исламгалиұлы -Жұмылдыру даярлығы. Аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;
Шунаева Сара Бахтыгалиевна- Комиссиялардың жұмысын, азаматтарды әскери қызметке шақыруды үйлестіру және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы.
Атырау облысыЖұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасында және басқарманың қарауындағы мемлекеттік мекемесініңқызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
-2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;
- «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;
- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;
- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;
- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысы.
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N127 «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңы;
- ҚР Президентінің 2001 жылғы 6 қарашадағы №718қ «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру туралы» Жарлығы.
- ҚР Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулыҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулы;
- ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 «Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде өрт сөндiру бекеттерiн құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188–V «Азаматтық қорғау туралы» Заңы.
Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы 43- бабының 11-тармағына сәйкес мемелкеттік сатып алу туралы шарттың орындалауын қамтамасыз ету авансты қамтамасыз ету туралы талап (егер шартта аванс көзделген жағдайда) енгізу туралы талапты Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген яғни, Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау көзделген.
Бұл жағдайда Тапсырыс беруші қандай да бір критерийсіз шартты жасасу кезінде Өнім берушінің электрондық әмияннан автоматты түрде есептен шығарылатын 3%мөлшерінде қамтамасыз етуді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзі айқындайды.
Алайда, Заңда айқындалған өнім берушілер бар, олар шарттың орындауын қамтамасыз етуді төлеуден бас тартады, нәтижесінде шарт жасалмайды.
Біз бұны қолданастағы заңнамадағы олқылық деп есептейміз.
Заңнамадағы олқылық-бұл құқықтық реттеу саласына кіретін қатынастарды реттеу үшін қажетті нақты норманың болмауы.
Ұсыным:
Басқарманың бас маман есепшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына өзгерістер енгізу бойынша тиісті ұсыныстармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігіне хат жолдасын.
|
|
Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасыныңұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
1)персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – басқарманың жалпы штат саны 8 бірлікті құрайды, қазіргі таңда бос лауазымжоқ.
Басқарма басшысы 2019 жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда.
Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бөліміндеүш бірлік, бөлімінің бас маманыөз еркімен 2023 жылдың 17 қаңтарындағы №2ж/қ1 басқарма басшысының бұйрығымен жұмыстан босатылды, бөлімнің басшысы 2023 жылдың 9 ақпандағы № 5 ж/қ1бұйрығымен жұмыстан босатылды.Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурстың қортындысы бойынша 2023 жылдың 17 ақпанында №2хаттамасы негізіндебасқарма басшысының 2023 жылдың 27 ақпандағы №6 ж/қ1 бұйрығымен бөлімнің бас маманы лауазымына тағайындалды.Бөлімнің басшысыжалпы конкурстың қортындысы бойынша 2023 жылдың 29 наурыздағы №6 хаттамасы басқармабасшысының негізінде2023 жылғы 6 сәуірдегі №7 ж/қ1 бұйрығымен қызметке қабылданды.
Комиссиялардың жұмысын, азаматтарды әскери қызметке шақыруды үйлестіру және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша бөлімінде екі бірлік, бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда және бөлімнің бас маманы
штат саны 1 бірлік..
Басқарманың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас маманы бір бірлік басқарма басшысының 2020 жылғы 19 маусымдағы №10 ж/қ1 бұйрығы негізінде қызметке қабылданды.
Басқарманың бас маман-есепшісі 2019 жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда.
2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 8қарашажағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) мемлекеттік қызмет көрсету - басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру–басқармада рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;
5) бақылау функцияларын іске асыру–басқармада2023 жылдың 4 тоқсан бойыбақылау функциясы іске асырылмаған;
Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;
6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер–жоқ;
7) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері–басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері–басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;
10) прокурорлық қадағалау актілері–прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;
11) сот актілері– басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Қорытынды және ұсыныстар:
Жұмыс тобы:
Қажкенов Есмұхан Қайыржанұлы -
Басқарма басшысы, жұмыс тобының мүшесі;______________________
Масатов Бектұрған Табылдиевич -
Жұмылдыру даярлығы. Аумақтық қорғаныс
және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы,
жұмыс тобының мүшесі; _______________________
Тайров Мейрамбек Исламгалиұлы,
Жұмылдыру даярлығы. Аумақтық қорғаныс
және азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының мүшесі; ________________________
Шунаева Сара Бахтыгалиевна –
Комиссиялардың жұмысын, азаматтарды
әскери қызметке шақыруды үйлестіру және
мемлекеттік шекара мәселелері бойынша
бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының хатшысы. ________________________