Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі №70 «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі №70 «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы» қаулысынакелесі өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Басқарманың келесі құрылымы бекітілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау және аумақтық қорғаныссалаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«12. Міндеттері:
Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау,аумақтық қорғаныс, мемлекеттік шекара және азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелері бойыншақызметін үйлестіру.»;
14 тармақтың 2) және 25) тармақшалары алынып тасталсын.
Облыс әкімі С.Шәпкенов