ішкі талдау

Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы қызметіне

жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау қорытындысы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы,                         5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы,аумақтық және азаматтық қорғаныс басқарма басшысының 2026 жылғы 30сәуірдегі №15 н/қ «Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы,аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы,аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметіне2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 1маусымыаралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

Тайров Мейрамбек Исламғалиұлы  - Жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Масатов Бектурган Табылдиевич -  Азаматтық қорғау бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Сарсекенова Асемгуль Айдарбековна-  Жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі

Мусиева Нурлыгуль Кайырбековна - Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының құжатайналым бойынша инспекторыжұмыс тобының хатшысы.

Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы,аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында және басқарманың қарауындағы мемлекеттік мекемесініңқызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

         Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы,аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасыныңқызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

-2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы                 № 3186 Өкімі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы                              31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;

- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысы.

- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының                         №414-V «Еңбек Кодексі»;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N127 «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңы;

- ҚР Президентінің 2001 жылғы 6 қарашадағы №718қ «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру туралы» Жарлығы.

-  ҚР Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулыҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулы;

-  ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы  № 746 «Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде өрт сөндiру бекеттерiн құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

-   ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188–V «Азаматтық қорғау туралы» Заңы.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

 

      1).Анықталған жоқ.

        

 

Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы,аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасыныңұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

  • Басқармада істер номенклатурасы бекітілген;
  • Бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген;
  • Басқарма 2 бөлімнен, 1 бағысты мекемеден тұрады.

1)персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – басқарманың жалпы штат саны 9 бірлікті құрайды, қазіргі таңда бір бос лауазымбар.

Басқарма басшысы 2025 жылы 25 маусымАтырау облысы әкімінің №215 өкімімен тағайындалды.

Жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бөлімінде төрт бірлік, бөлімінің басшысы және үш бас маман тұрақты қызмет етуде. Оның ішінде бөлімнің бас маманы лауазымының негізгі қызметкері Сарсекенова Асемгуль Айдарбековна 2025 жылы 14шілде №33 бұйрыққа сәйкес бала күтіміне байланысты демалысқа шығуына орай, уақытша лауазымға Дюсенова Гульвира Урингалиевна 2025 жылы 20 тамыз №39 бұйрыққа сәйкес тағайындалды. 

Азаматтық қорғау бөлімінде екі бірлік, бөлім басшысы және бір бас маман тұрақты қызмет етуде. Екінші бас маманға орналасуға 2026 жылғы                          23 сәуірдегі №66  облыс әкімінің қаулысына сәйкес консурс жариялау жұмыстары жүргізілуде.

Басқарманың бас маман-есепшісі 2019 жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда.

2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың мамыр айы жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру–басқармада рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;

5) бақылау функцияларын іске асыру–басқармада2025 жылдың                            жартыжылдығы және 2026 жылдың 5 ай бойыбақылау функциясы іске асырылмаған;

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер–жоқ;

7) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері–басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері–басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері–прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері– басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

 

                                     Қорытынды және ұсыныстар:

 

  1. Талдау барысында мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстары қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өткізілгендігі және құқық бұзушылыққа ықпал ететін жағдайлар мен сыбайлас жемқорлық тәукелдері анықталмады.

 

Жұмыс тобы:

        

Тайров Мейрамбек Исламгалиұлы-                

Жұмылдыру даярлығы және аумақтық

қорғаныс бөлімінің басшысы,

жұмыс тобыныңмүшесі;_______________________

 

Масатов Бектұрған Табылдиевич -                 

Азаматтық қорғау бөлімінің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі;                                  _______________________

 

Сарсекенова Асемгуль Айдарбековна-

Жұмылдыру даярлығы және аумақтық 

қорғаныс бөлімініңбас маманы,

жұмыс тобының мүшесі;______________________

 

Мусиева Нурлыгуль Кайырбековна –  

Жұмылдыру дайындығы,

аумақтық және азаматтық қорғаныс

басқармасының іс қағаздар бойынша

инспекторы,жұмыс тобының хатшысы.                    ______________________

Дата публикации
26 июня 2026