
Міндеттері:
Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау,мемлекеттік шекара қызметі, аумақтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру қызметін үйлестіру, күш құрылымдарымен өзара әрекет ету және өз құзыреті шегінде әкімдік жанындағы консультативті-кеңесші органдардың қызметін жүзеге асыру.
Функциялары:
1) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
2) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
3) облыс аумағында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
4) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін облыс аумағында арнаулы құрылымдардың құрылуын қамтамасыз ету;
5) облыстың жұмылдыру жоспарын әзірлеу және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу, облыс әкімдігіне бекітуге енгізу, сондай-ақ, облыс аумағында жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды жүргізу;
6) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру т.б.;