«Қазақстан Республикасы Президентінің кезктен тыс сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша сайлау комиссияның мүшелеріне арналған оқыту туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың 12-14 қазан күндері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссияның мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша оқыту тренингі ұйымдастырылып, өткізілді. Оған Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссияның мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларынан 31 адам қатынасты.
Семинардың мақсаты сайлау заңнамасының негіздері және оны сайлау үдерісінде қолдану тәжірибесі сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби біліктігі мен құзыреттерін арттыру.
Семинар барысында оқытудың жоспарына сәйкес сертификатталған дәріскерлер, прокуратура өкілдері мен психолог маман «Қазақстан Республикасының заңнамасы және сайлау жүйесі», «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру», «Сайлау науқаны кезеңінде әр түрлі конфликтілік жағдайлардың алдын- алу және одан шығу тәсілдері», «сайлаушылармен жұмыс және дауыс беру күні АСК және УСК мүшелерінің мінез-құлқы, стресске төзімділік», «Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік және азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс» және т.б. тақырыптарда дәрістер оқыды.
Сонымен бірге кейсті талдау және топтық іскерлік ойындар ұйымдастырылып , сарапшылар топтық іскерлік ойындарды талдады.
Семинар нәтижесі бойынша қатысушылар ой пікірлерін білдіріп, сайлау заңнамасының негіздері және оны сайлау үдірісінде қолдану, сайлау кезінде практикада кездесетін жағдайлар туралы пікір алмасты.
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы