Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезектен отырысының жүргізу тәртібі

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезектен отырысының жүргізу тәртібі

 

 

Мақат ауданы                                                          2021 жылдың 20 сәуір

кіші мәжіліс залы                                                    сағат: 11.00

 

Төрағалық ететін:  А.Шанғалаев - аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы.

 

Қатысатындар: Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссия мүшелері: Комиссия құрамы                (11 адам),

 

Аудан прокурорының орынбасары Айтқалиев Арман Қуандықұлы

 

С.Шарипов мектеп-интернатының директоры Данияр Болатұлы

 

С.Шарипов мектиеп интернаты психологының у.м.а Айгул Оңалқызы

 

Доссор кенті Строительный көшесі №138 «а» пәтер тұрғыны                      Машенова Тұрсын Сүлейменқызы,

Атырау қаласы Привокзальный ы/а 5 мкр16-94 пәтер тұрғыны Аязбаев Боранбай Салимгерейұлы.

                     

                           

Құрметті жиналысқа қатынасушылар!

 

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Кәмелетке толмағандарды қосымша білім берумен қамту, қосымша білім беру желісін дамыту жұмыстары.

           Баяндамашы:

Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім  бөлімінің басшысы Долдашев Айбол Темірбайұлының баяндамасы

Мақат аудандық білім беру ұйымдары бойынша 2020-2021 оқу жылында кәмелетке толмағандарды қосымша білім берумен қамту, қосымша білім беру желісін дамыту жұмыстары туралы

Тәлім- тәрбие қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғышарттары. Осыған орай қазіргі Қазақстан жағдайында қысқа тарихи уақыт аралығында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда. Оның бірі атап айтқанда қосымша білім беруге арналған, оның негізгі субъектісі болып саналатын мектептен тыс мекемелер қызметін жаңа сапада қайтада ұйымдастыру қолға алынуда.

Мақат аудандық білім бөліміне қарасты 3 (Мақат балалар өнер мектебі, Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі, Балалар- жасөспірімдер даярлық клубы) қосымша білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандарды қосымша білім берумен қамту және ауданның жас өрендерінің өнерге баулу мақсатында қызмет атқарып келеді.

Қамтылуы- (21%):

 

 

 

 

№

 

 

 

Аудан

 

 

Барлық оқушы саны

Оның ішінде

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны

Жетім балалар саны

Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны

Аз қамтылған отбасы балалары

Көпбалалы отбасы балалары

1

Мақат

722

3

16

2

46

95

 

  1. Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінде биылғы оқу жылына оқушы саны -352, оның ішінде ұлы-100, қызы -175. 1сыныпқа қабылданған оқушы саны-111, оның ішінде ұлы -37, қызы – 74. Ерекше білімді қажет ететін оқушы саны -2, оның ішінде ұлы -1 (14жас),  қызы -1 (13жас). Қамқоршылықтағы оқушы саны – 2, оның ішінде ұлы -1 (13жас), қызы -1 (14жас). Өзге ұлт оқушы саны -1. Бітіретін түлек саны -17. Педагог саны -28, оның ішінде  білімі жоғары -23, арнаулы орта - 5, жоғарғы санатты -3, I cанатты – 14, II санатты -6, санатсыз - 5.  Үйірмелер саны -11, оның ішінде: домбыра, қобыз, бас қобыз, шертер, сырнай, күйсандық, вокал, халық әні, бейнелеу өнері, хореография, көркемсөз оқу шеберлігі.

 

  1. Мақат балалар өнер мектебінде биылғы оқу жылына оқушы саны -370, оның ішінде ұлы -91, қызы -226. 1сыныпқа қабылданған оқушы саны -81, оның ішінде ұлы -24, қызы – 57, өзге ұлт оқушы саны -3, қызы -3 (11, 10, 8 жас), бітіретін түлек саны -39. Педагог саны – 26, жоғары білімді – 12, арнаулы орта - 14, жоғарғы санатты – 4, І санатты – 3, ІІ санатт – 9, санатсыз - 10. Үйірмелер саны – 8, оның ішінде: домбыра-тенор, қобыз-прима, күйсандық, сырнай, дәстүрлі ән, дауыс қою, хореография, бейнелеу өнері.

 

  1. Балалар-жасөспірімдер даярлық клубында 22 педагог дәріс беруде. Үйірме саны – 21, оның ішінде: Теннис, Волейбол, Баскетбол, Футбол, Қол добы, Асық ату, Бес тас, Тоғызқұмалақ, Дойбы, Роботоехника, Ландшафтный дизайн, Туризм, Әскери-патриоттық, Шахмат, Қазақша күрес, Бокс. Қатысатын оқушы саны- 584 бала, оның ішінде ұлы -300, қызы - 284.

Сондай-ақ, көптеген  тәрбиелік  шаралар  менбайқауларда  ұстаздар мен оқушыларымыздың жеткен  жетістіктері  де  көп. 

Қыркүйек айында Тіл  мерекесіне  орай ақындық  өнерге  баулу  мақсатында «Тілім  менің тірлігімнің  айнасы» тақырыбында тәрбиелік  шара  өткізді.

Қазан айында ардагер ұстаздарға және қарттар  күніне  орай, жас жеткіншектердің бойына  халқымыздың  асыл  қасиеттерін  сіңіру,  үлкенді  сыйлау, өз  ата-бабасын  ұмытпай  сақтау үшін  және  салт – дәстүрден  нәр  алып  өсуіне, жақсы мен  жаманды  ажырата  білу  мақсатында «Қарттарын  қадірлеген  ел  ардақты»  атты  мерекелік  кеш  ұйымдастырылып  өткізілді.

«Мемлекеттік  рәміздер» тақырыбында сурет байқауын  ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарында (9 мектеп) қосымша білім беру үйрмелер мен спорттық секцияларда барлық оқушылар қамтылып отыр – 6145 оқушы (100 %).

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

  1. Мақат ауданының полиция бөлімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі                  32-32-7-56/1147 ұсынысы.

              Баяндамашы:  Аудандық Полиция бөлімі

 

         Құрметті жиналысқа қатысушылар!

Осымен комиссия отырысымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет.

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы