Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы Мақат ауданы бойынша жылдық есептің орындалысына ТҮСІНДЕРМЕ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР

2020 жылғы Мақат ауданы бойынша

жылдық есептің орындалысына ТҮСІНДЕРМЕ

                                               

САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР

 

           Табыс салығы  2020 жылы  салығы  бойынша жоспар – 449028,0 мың теңге болжамдалып, нақты түскені – 865870,3 мың теңге. Немесе 131,4 пайызға орындалды.

           Әлеуметтік салық 2020 жылы әлеуметтік салық бойынша – 142 386,0 мың теңге болжамның, нақты түскені – 201 243,9 мың теңге немесе 141,3 пайызға орындалды.

           Меншікке салынатын салықтар  бойынша жылдық болжам – 1 217 223,0 мың теңге, нақты түскені – 1 322067,4 мың теңге, немесе 108,6 пайызға орындалды.

           Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар бойынша болжам – 47513,0 мың теңгенің, нақты түскені  49849,4 мың теңге немесе 104,9 пайызға орындалды.

            Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе)  оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер  жылдық болжамы   –  2288,0 мың теңге, нақты түскені – 2429,7  мың теңге, немесе 106,2 пайызға орындалды.

                                                                                                                                   

САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР

 

Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер жылдық болжам – 10560,0 мың теңге,  нақты түскені – 11809,5 мың теңге, немесе 111,8 пайызға орындалды.

             Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер жылдық болжам – 515,0 мың теңге, нақты түскені –  515,8 мың теңге немесе 100,2 пайызға орындалды.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері жылдық болжам – 91,0 мың теңге, нақты түскені –  92,0 мың теңге немесе 101,1 пайызға орындалды

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстап  сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар  жылдық болжам – 253,0 мың теңге, нақты түскені –  255,4 мың теңге немесе 100,9 пайызға орындалды

Өзге де салықтық емес түсімдер  жылдық болжам – 12188,0 мың теңге, нақты түскені –  14604,5 мың теңге немесе 119,8 пайызға орындалды

 

НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР

 

             Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер бойынша – 6815,0 мың теңге жылдық болжамның нақты түскені – 7165,3 мың теңге немесе 105,1 пайызға орындалды.

 

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМДЕРІ

 

Ағымдағы нысаналы трансферттер 2020 жылға облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша түсетін – 1 860 782,0 мың теңге  толығымен түсті.

 Нысаналы даму трансферттері 2020 жылға облыстық бюджеттен түсетін нысаналы даму трансферті  – 2 228 450,0 мың теңге толығымен түсті.

             Субвенция 2020 жылға облыстық бюджеттен түсетін субвенция жоспары – 2 439 781,0 мың теңге,  нақты түскені – 2 239 000,0 мың теңге.  

 

 

ШЫҒЫНДАР

 

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша нақтыланған бюджет – 554830,0 мың теңге кассалық орындалысы – 554730,5 мың теңге, немесе 100,0%.

 «Қорғаныс» нақтыланған бюджет  – 3 935,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 3929,6 мың теңге немесе 99,9%.  

 «Білім беру»  түзетілген бюджет  –  4 599632,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 4 599540,6 мың теңге  немесе 100 %.

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» бойынша нақтыланған бюджет  – 361 337,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 361 300,3 мың теңге немесе 100%.

 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық топ бойынша шығындар  100% игерілді, нақтыланған бюджет – 1 621 007,0 мың теңге, кассалық орындалысы  – 1 620 960,7 мың теңге.

 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» жоспарланған шығын 100,0 % игерілді, нақтыланған жоспар – 527 600,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 527 586,6 мың теңге.

 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық топ бойынша шығын 100% игерілді, нақтыланған жоспар – 99 091,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 99 090,5 мың теңге.

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық топ бойынша шығын 100% игерілді, нақтыланған жоспар – 7 196,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 7 195,2 мың теңге.

«Өнеркасіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» жоспарланған шығын 100,0 % орындалды, нақтыланған жоспар  – 27 484,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 27 482,3 мың теңге.

 «Көлік және коммуникация» нақтыланған жоспар  - 1 729 342,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 1 689 801,5  мың теңге немесе 97,7 пайыз.

«Өзгелер» функционалдық топ бойынша шығын 100,0 % игерілді, нақтыланған жоспар – 6 595,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 6 594,1 мың тенге.

           «Борышқа қызмет көрсету» жоспарланған шығын 100,0 пайыз орындалды, нақтыланған бюджет – 8,0 мың теңге, кассалық орындалысы – 8,0 мың теңге.

            «Трансферттер» функционалдық топ бойынша шығын 100,0 %, игерілді, нақтыланған жоспар – 604 013,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 604 013,0  мың тенге.

«Қарыздарды өтеу» нақтыланған жоспар – 8 592,0 мың теңге, кассалық орындалыс                – 8 592,0 мың тенге немесе 100%.

Дата публикации
26 марта 2021
Дата обновления
26 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы