Е-Otinish” ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар.
1.Жұмыс табуға мемлекет қалай көмектеседі?
•Бос жұмыс орындарын ұсыну
•Қысқа мерзімді оқыту курстары
•Қайта даярлау
•Қоғамдық жұмыстар
•Жастар практикасы
Жұмыссыз азаматтарға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?
Мемлекет жұмыссыз азаматтарға келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:
- тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдау;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысу мүмкіндігін ұсыну;
- әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру;
- кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және гранттар беру.
3.Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді қалай аламыз?
Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар ала алады.
Төлем мерзімі 1 айдан 6 айға дейін, ал мөлшері азаматтың орташа табысына және сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді.
Әлеуметтік төлемді тегін рәсімдеуге болады:
• «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы (жұмыссыз ретінде тіркелген болса);
• Тұрғылықты жердегі мансап орталығы арқылы («бір өтініш» қағидаты бойынша);
• eGov.kz порталы арқылы;
• Enbek.kz порталы арқылы.
Өтініш қаралған соң нәтиже туралы хабарлама келеді.
4.Мемлекеттік сатып алуға кімдер қатыса алады?
Мемлекеттік сатып алуға жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғалар қатыса алады.
Мемлекеттік сатып алудың тәсілдері қандай?
Мемлекеттік сатып алу:
- конкурс;
- аукцион;
- баға ұсыныстарын сұрату; - бір көзден;
- тауар биржалары арқылы;
- электрондық дүкен тәсілдері арқылы жүргізіледі.
5.Құрылысқа рұқсатты қалай алуға болады?
Құрылысқа рұқсат алуға көмектесетін негізгі қадамдар:
1) жобалау құжаттамасын дайындау;
2) қажетті құжаттарды жинау;
3) өтініш беру;
4) мемлекеттік бажды төлеу;
5) қарауды күту;
6) рұқсат алу;
7) құрылыс жұмыстарын бастау.
6.Үй жалдап тұрып жатқандарға мемлекеттен көмек бар ма?
Тұрғын үй жалдап отырған азамат «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үйді жалға алу шығындарын субсидиялау бағдарламасына қатыса алады.
Талаптары:
1) отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек;
2) жалдау келісімшартын ұсыну қажет;
3) мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұруы міндетті.
6. Мемлекеттен тегін берілетін жер телімінің көлемі қандай?
Азаматтарға жеке тұрғын үй салуға (ИЖС — жеке тұрғын үй құрылысы) арналған тегін 0,10 гектар (яғни 10 сотық) жер учаскесі беріледі.
Бұл жер телімі жеке меншікке шектеулі ережелермен беріледі, яғни, ресми меншік құқығын алу үшін алдымен үй салынуы қажет және пайдалануға беру актісін рәсімдеу керек.
Ақысыз жер телімі бір рет қана беріледі. Егер бұрын жер алған болсаңыз — қайта алу мүмкін емес. Құқығыңызды eGov.kz порталы арқылы немесе жергілікті әкімдіктен тексеріп білуге болады.
Өтінішті eGov.kz порталы арқылы немесе жергілікті әкімдікке барып тапсыра аласыз. Өзіңізбен бірге электронды цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦП) болуы шарт.
7. Аудан әкімдігі салған және тұрғындарға пайдалануға берілген үйлердің сапасына қатысты қайда жүгінуге болады?
Үйлердің сапасына және ақаулар мен кемшіліктерді жоюға қатысты өтініштермен азаматтар көпқабатты үйлерді тапсырған сәттен бастап 2 жыл ішінде ТҮКШ ЖКАЖжТҮи бөліміне хабарласа аласыз.