Жер комиссиясының хаттамасы

Жер комиссиясының хаттамасы

№1

            Мақат кенті                                                                                             «15» қаңтар 2026  жыл

            Комиссия отырысына қатысқандар:

Б.Жайкин                                                                 аудан әкімінің орынбасары, комиссия                                                                                         төрағасы;

С.Қожас                                                                    аудандық жер қатынастары, сәулет                                                                                 және қала құрылысы бөлімі                                                                                              басшысының міндетін уақытша 

                                                                                   атқарушы;

Г.Едгеева                                                                  аудандық кәсіпкерлер палатасының                                                                                                       директоры, комиссия мүшесі;

            Г.Атабаева                                                               аудандық кәсіпкерлік және                                                                                                                      ауылшаруашылығы бөлімінің

басшысы, комиссия мүшесі;

Н.Булеков                                                                 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 

жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы,комиссия мүшесі;          

            Ш.Ишангалиев                                                        аудандық Ақсақалдар Кеңесінің мүшесі,

                                                                                  комиссия мүшесі;

Б.Қасымова                                                              аудандық Жастар ресурстық

орталығының басшысы, комиссия мүшесі;

Е.Жоламанов                                                           аудандық қоғамдық кеңес төрағасы                                                                                                        комиссия мүшесі;

            А.Нугиманов                                                           аудандық ауыл партиясының                                                                                                                  төрағасы, комиссия мүшесі;

С.Кенжешева                                                                       аудандық жер қатынастары, сәулет                                                                                                        және қала құрылысы бөлімінің бас                                                                                                         маманы, комиссия хатшысы.

Күн тәртібі:

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы

            Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Б.Жайкин жер комиссиясы отырысын ашып, Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы, С.Қожасқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен таныстыру үшін сөз берді.

  1. «Caspian Wind Power» ЖШС-нің жер учаскесін сұраған өтініші.

            Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
«Caspian Wind Power» ЖШС-нің Мақат ауданы, Қарабатан маңынан «Атырау облысында интеграцияланған энергия сақтау жүйесі бар қуаты 504 МВТ жел электр станциясының құрылысы» жобасын іске асыру үшін сұраған ауданы 6000 гектар жер учаскесін уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығымен беру туралы өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. Машихин Андрей Сергеевичтің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініші.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
Машихин Андрей Сергеевичтің Мақат ауданында орналасқан қаңғыбас иттерді ұстауға арналған питомник құрылысын салу үшін  пайдаланып отырған жер учаскесінің нысаналы мақсатын қауіпті және қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон үшін деп өзгерту туралы өтінішінде жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, жер учаскесінің алаңы, жер учаскесінің орналасқан жері, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың және сәйкестендіру құжаттарының, жер-кадастрлық жоспардың күні мен нөмірі көрсетілмегендіктен қанағаттандырусыз қалдырылсын.

  1. «Kamilla Plaza» ЖШС-нің жер учаскесін сұраған өтініші.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:

«Kamilla Plaza» ЖШС-нің Мақат ауданы Қарабатан маңынан «Атырау облысында интеграцияланған энергия сақтау жүйесі бар қуаты 499МВТ жел электр станциясының құрылысы» жобасын іске асыру үшін сұраған ауданы 6000 гектар жер учаскесін уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығымен беру туралы өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. Серікова Эльмира Серікқызының жер учаскесін беру туралы өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
Серікова Эльмира Серікқызының Доссор кенті, Ә.Мантаев көшесі, №194 үй 2 пәтер мекен жайы бойынша кондоминиумнан жер учаскесін бөлу туралы өтінішіне оң қорытынды берілді.

Кондоминиумдағы жер учаскесінің үлесі жерге орналастыру жобасын жасақтау барысында анықталсын.

  1. 5. Тлегенова Ақтолқын Бисембаеваның жер учаскесін басқа жер учаскесіне ауыстыру туралы өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
             Тлегенова Ақтолқын Бисембаеваның Доссор кенті, Болашақ ықшам ауданында орналасқан орналасқан жер учаскесінің сорлы болуына байланысты, Доссор кенті, Әйтеке би көшесіне ауыстырып беруді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. Тлегенова Шынаргулдің жер учаскесін басқа жер учаскесіне ауыстыру туралы өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
Тлегенова Шынаргулдің Доссор кенті, 7 ауылда орналасқан жер учаскесінің сорлы болуына байланысты, жер учаскесін Доссор кенті, Әйтеке би көшесіне ауыстырып беруді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. «ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамының жер учаскелерін бөлуді сұраған өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
            «ЕмбіМұнайГаз» акционерлік Шығыс Мақат кен орнынан кірме жол үшін 0,165 га, әуе желісі үшін 0,0438 га, газпоршеньді электр станциясы үшін 0,25 га, газ құбырын жүргізу үшін 0,0438 га,  жалпы ауданы 0,5026 гектар жер учаскелерін бөлу туралы  сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

Жер учаскелерінің көлемі жерге орналастыру жобасын жасақтау барысында анықталсын.

  1. Есимова Роза Сагизбаевнаның жер учаскесін басқа жер учаскесіне ауыстыру туралы өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
            Есимова Роза Сагизбаевнаның Доссор кенті, Н.Тілендиев көшесіндегі жер учаскесі сорлы болуына байланысты,   жер учаскесін Доссор кенті, Әйтеке би көшесіне ауыстырып беруді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. Оралбай Мақсат Қайсаұлының жер учаскесін басқа жер учаскесіне ауыстыру туралы өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
Оралбай Мақсат Қайсаұлының Доссор кенті, Н.Тілендиев көшесіндегі жер учаскесіне  кәріз құдығы түсіп кетуіне байланысты,  жер учаскесін Доссор кенті, Әйтеке би көшесіне ауыстырып беруді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. «Қазгидромет» РМК-ның жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
«Қазгидромет» РМК-ның  Мақат ауданы, Қарабатан аумағынан автоматтандырылған метеорологиялық станцияны орнату үшін ауданы 0,04 гектар жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. «Таза Мақат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішін қарау туралы

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
«Таза Мақат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Доссор-Мақат тас жолы бойында орналасқан жер учаскесін қатты қалдықтарды жою және орналастыру үшін ауданы           12,4810 гектар жер учаскесін бөлуді сұраған  өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. «Eskene LPG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішін қарау туралы.

 Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
             «Eskene LPG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ескене станциясы аумағынан 6/0,4 кВ қосалқы трансформаторлы КТП үшін ауданы 0,0025 гектар жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

             «Eskene LPG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ескене станциясы аумағынан сұйытылған мұнай газын тарату зауытына баратын ВЛ-6 кВ әуе электр желісін жүргізу үшін ауданы 0,1417 гектар жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. «Север Монтаж Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішін қарау туралы.

 Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
             «Север Монтаж Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарабатан алқабынан, теміржол  құрылысын салу үшін ауданы 8 гектар жер учаскесін бөлуді сұраған өтініші «ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан келісім алу үшін қанағаттандырусыз қалдырылды.

  1. Турина Гулбараның жер учаскесін басқа жер учаскесіне ауыстыру туралы өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
            Турина Гулбара Жексеновнаның Доссор кенті, Болашақ ықшам ауданындағы 17 көше      4 нүкте мекенжайы бойынша тұрғын үй үшін жер учаскесі сорлы болуына байланысты, жер учаскесін Доссор кенті, Әйтеке би көшесіне ауыстырып беруді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. Турина Гулбараның жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішін қарау туралы.

 Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
             Турина Гулбара Жексеновнаның Доссор кенті, Болашақ ықшам ауданындағы 17 көше    2 нүкте мекенжайы бойынша тұрғын үй үшін жер учаскесі сорлы болуына байланысты, жер учаскесін Доссор кенті, Әйтеке би көшесіне ауыстырып беруді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. «West Sapar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішін қарау туралы.

 Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
             «West Sapar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мақат ауданы, Қарабатан алқабынан жер асты талшықты оптикалық желісін жүргізу үшін ауданы 0,1480 гектар жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. «West Sapar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішін қарау туралы.

 Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
             «West Sapar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мақат ауданы, Қарабатан алқабынан электр желісін жүргізу үшін ауданы 0,0853 гектар жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының жер учаскесін бөлуді сұраған өтінішін қарау туралы.

 Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
             «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының Мақат ауданы боынша ақаулы құбырларды ауыстыру МГ «САЦ-4», МГ «САЦ-5», МГ «ЛСАЦ-4», 657-759 км-ге ауданы 60 гектар жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 3 жыл мерзімге бөлуді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

  1. Туремурзиева Райгуль Олжагалиевнаның жер учаскесін басқа жер учаскесіне ауыстыру туралы өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
            Туремурзиева Райгуль Олжагалиевнаның Доссор кенті, С.Телемгенов көшесі 4 нүкте мекенжайы бойынша тұрғын үй үшін жер учаскесі сорлы болуына байланысты, жер учаскесін Доссор кенті, Әйтеке би көшесіне ауыстырып беруді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

22.Туремурзиева Райгуль Олжагалиевнаның жер учаскесін басқа жер учаскесіне ауыстыру туралы өтінішін қарау туралы.

Өтінішті және жинақталған құжаттарды қарап, комиссия қорытындылады:
            Туремурзиева Райгуль Олжагалиевнаның Доссор кенті, С.Телемгенов көшесі 2 нүкте мекенжайы бойынша тұрғын үй үшін жер учаскесі сорлы болуына байланысты, жер учаскесін Доссор кенті, Әйтеке би көшесіне ауыстырып беруді сұраған өтінішіне оң қорытынды берілді.

23.Жер пайдаланушыларға жер учаскелерін өз мақсатында пайдалану міндеттелсін.

  1. Осы қорытынды аудан әкімдігінің немесе кент әкімінің шешімімен бекітілсін.

            Комиссия мүшелері:

            Б.Жайкин                                                                   Аудан әкімнің орынбасары;

С.Қожас                                                                    аудандық жер қатынастары, сәулет                                                                                 және қала құрылысы бөлімі                                                                                              басшысының міндетін уақытша 

                                                                                   атқарушы;

Г.Едгеева                                                                  аудандық кәсіпкерлер палатасының                                                                                                       директоры, комиссия мүшесі;

            Г.Атабаева                                                               аудандық кәсіпкерлік және                                                                                                                      ауылшаруашылығы бөлімінің

басшысы, комиссия мүшесі;

Н.Булеков                                                                 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 

жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы,комиссия мүшесі;

            Ш.Ишангалиев                                                        аудандық Ақсақалдар Кеңесінің мүшесі,

                                                                                  комиссия мүшесі;

Б.Қасымова                                                              аудандық Жастар ресурстық

орталығының басшысы, комиссия мүшесі;

Е.Жоламанов                                                           аудандық қоғамдық кеңес төрағасы                                                                                                        комиссия мүшесі;

            А.Нугиманов                                                           аудандық ауыл партиясының                                                                                                                  төрағасы, комиссия мүшесі;

С.Кенжешева                                                                       аудандық жер қатынастары, сәулет                                                                                                        және қала құрылысы бөлімінің бас                                                                                                         маманы, комиссия хатшысы.

Жер комиссиясының хаттамасы
Дата публикации
30 января 2026