|
Аудан әкімі А.Мәмбетовтің Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты №402 бекет тұрғындарымен кездесу барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ |
||||
|
Барлығы - 11 мәселе;
Орындалуда – 3 мәселе; Орындалды – 1 мәселе; Орындалған жоқ – 1 мәселе; Объективті түрде жауап берілді – 6 мәселе. |
||||
|
№ |
Көтерілген мәселенің атауы |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
Орындалысы |
|
1. |
№402 бекеттен аудан орталығына тұрғындарды тасымалдайтын қоғамдық көліктер санын көбейту мәселесін қарастырсын |
қажеттілігіне қарай |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі:аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне ұсыныс берілді.Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі: №402 бекетке қосымша маршрут шығару экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Объективті түрде жауап берілді. |
|
2. |
Мақат кентінің кіре беріне жүргізілетін 4,5 шақырым жол құрылысынан шыққан асфальт қалдықтарын №402 бекеттің жол құрылысына пайдаланылсын |
кезінде |
Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі:Аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғынтүй инспекциясы бөліміне ұсыныс беріліп,хат жолданды.Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі: Мақат кентінің кіре берісіне жүргізілетін 4,5 шақырым жол құрылысы басталғаннан кейін шыққан асфальт қалдықтарын №402 бекеттің жол құрылысына пайдаланылу мәселесі қарастырылады. Жалпы №402 бекет көшелері іске асырылатын жол жобаларына енгізілген. Орындалуда. |
|
|
3. |
Доссор мен Мақат кенттері арасына қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру бағытына өзгеріс енгізу мәселесін қарастырсын |
қажеттілігіне қарай |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, Мақат және Доссор кентінің әкімдері, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі: Доссор мен Мақат кенттері арасына қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру бағытына өзгеріс экономикалық тұрғыдан тиімсіз.Объективті түрде жауап берілді. |
|
4. |
Балаларға арналған ойын алаңшасы және футбол алаңын салу мәселесін қарастырсын |
қажеттілігіне қарай |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин,Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі, аудандық құрылыс бөлімі |
№402 бекетте 3 ойын алаңшасы салынып тұр. Алдағы уақытта қажеттілігіне қарай футбол алаңшасына ұсыныс берілетін болады. Сонымен қатар, Бәйгетөбе ауылына балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені салынуда. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді. Объективті түрде жауап берілді. |
|
Аудан әкімі А.Мәмбетовтің Бәйгетөбе ауылының тұрғындарымен кездесу барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ |
||||
|
№ |
Көтерілген мәселенің атауы |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
Орындалысы |
|
5. |
Бәйгетөбе ауылдық округінде ауыз су қысымының тиісті деңгейде жүруін қадағаласын |
Үнемі |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин,Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
Қазіргі таңда Байгетөбе тұрғындарына ауыз су Мақат су айдау станциясынан 2,9 мПа қысыммен беріледі. Жаз айларында ауыз су 2800-3200м3/күніне пайдалануға беріледі. Бұл көрсеткіш күз көктем айларына қарағанда екі есе жоғары, себебі жаз айларында мал суару жеке үйлердің жеміс жидек және бау-бақша талдарын суару салдарынан су құбырының қысымы төмендеуде. Қазіргі таңда халыққа ауыз су қалыпты берілуде. Объективті түрде жауап берілді. |
|
6. |
Бәйгетөбе ауылдық округінен аудан орталығына тұрғындарды тасымалдайтын қоғамдық көліктер санын көбейту мәселесін қарастырсын |
Қажеттілігіне қарай |
Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі: аудандық тұрғын үй –коммуналдықшаруашылық,жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне ұсыныс берілді. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі:Бәйгетөбе ауылына автобустар санын көбейту экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Одан бөлек тұрғындардың өтінішіне сәйкес қолданыстағы автобустың жүру уақытын созу жұмыстары жүргізілуде.Объективті түрде жауап берілді. |
|
|
7. |
Бәйгетөбе ауылдық округіне жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін қарастырсын |
|
Қазіргі таңда Мақат кентіндегі және Байгетөбе ауылындағы 11,4 шақырым автокөлік жолдарын және 13,8 шақырым жаяу жүргінші жолдарын қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жобаға сәйкес Байгетобе ауылына 2,2 шақықрым жаяу жүргінші жолдарын салу қарастырылған. Орындалуда. |
|
|
8. |
Бәйгетөбе ауылдық округіне 2 пәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша ұсыныс енгізсін |
20.06.2025 |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин,Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі |
Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі: Аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғынүй инспекциясы бөліміне ұсыныс берілді.Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі: Қазіргі таңда апатты санатымен кезекте тұрған Байгетобе ауылы тұрғындары болмауына орай, Бәйгетөбе ауылдық округіне 2 пәтерлі тұрғын үйлер салу қажет етпейді.Объективті түрде жауап берілді. |
|
9. |
Бәйгетөбе ауылына мал қалдықтарын жинайтын орын бекітсін |
16.06.2025 |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин,Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі |
Бәйгетөбе ауылына мал қалдықтарына арнайы жерлер бекітілмеген. Орындалған жоқ. |
|
10. |
Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің автотұрағын үлкейту мәселесін қарастырсын |
Жыл ішінде |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин,Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі, аудандық білім бөлімі(жиын), аудандық құрылыс бөлімі |
Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешеніне жаңадан автотұрақ салынды. Орындалды. |
|
11. |
Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің ауласына балаларға арналған демалыс орындарын салу жұмыстарын жүргізсін |
Жыл ішінде |
Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің ауласындағы балаларға арналған ойын алаңын реттеу жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Орындалуда. |
|