|
Аудан әкімі А.Мәмбетовтің Доссор кентінің тұрғындарымен кездесу барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (Р.Төлешқалиев, Х.Аухатов, Т.Текеев, Ә.Мантаев көшелері) |
||||
|
Барлығы - 22 мәселе;
Орындалуда – 10 мәселе; Орындалды – 6 мәселе; Орындалған жоқ – 2 мәселе; Объективті түрде жауап берілді – 4 мәселе. |
||||
|
№ |
Көтерілген мәселенің атауы |
Орындалысы |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
|
1. |
Р.Төлешқалиев көшесіне кентішілік автокөлік жолын салу жұмыстарын жүргізсін |
Орындалысы: Доссор кентіндегі 32,7 шақырым автокөлік жолдарын салу жобасы аясында мердігер мекмеме «АВС-Лимитед» ЖШС-мен Р.Төлешқалиев көшесіне кентішілік автокөлік жолдарын қыру жұмыстары жүргізілуде. Орындалуда.
|
Жыл ішінде |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
2. |
Доссор кентіндегі ескі барақ типтес тұрғын үйлердің иесіне жаңа тұрғын үй табыстап, аталған тұрғын үйлердің жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алуды ұйымдастырсын |
Орындалысы: Доссор кенті бойынша барак типтиес 98 үй бар. Қазіргі таңда жалғыз тұрғын үйі апатты санатымен үй алған азматтардың апатты үйлерін коммуналдық меншікке алу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйін тапсырмай отырған азаматтарға сотқа дейінге ескерту хат жолданып, меншікке алу жұмыстары жүргізілуде. Орындалуда.
|
Жыл ішінде |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Доссор кентінің әкімі, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі |
|
3. |
Х.Аухатов көшесіне көше жарығын орнату жұмыстарын жүргізсін |
Орындалысы: Доссор елді мекені көшелерін жарықтандыру құрылысы және қайта құру жұмыстары 2023 жылы басталды. Көше жарығын орнату жұмыстарының ұзындығы Доссор кенті бойынша 90 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 60 шақырымға жуығы аяқталды. Х.Аухатов көшесіне және тағыда басқа көшелерге жоба бойынша кезең-кезеңімен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Жайық-Жарығы» ЖШС-і. Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2026 жыл. Орындалуда. |
Жыл ішінде |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық құрылыс бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
4. |
Т.Текеев көшесіндегі автокөлік жолдарына суағар салу жұмыстарын жүргізсін |
Орындалысы: Зерделеу жұмыстары нәтижесімен аталған көшеге суағар салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екені анықталды. Объективті түрде жауап берілді. |
Қажеттілігіне қарай |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
5. |
Мемлекет тарапынан табысталған тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселесіне қатысты облыс әкіміне ұсыныс енгізсін |
Орындалысы: Мемлекет тарапынан табысталған тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселесіне қатысты облыс әкімдігіне №06-08-08-01-3/1382 санды ұсыныс хат жолданды. Орындалды.
|
02.05.2025 жыл |
|
|
6. |
Аудандағы автокөлік жолы салынатын көшелер бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізсін |
Орындалысы: Аудандағы автокөлік жолы салынатын көшелер бойынша ақпарат бөлімнің әлеуметтік парақшаларында және ауданның телеграмм чатында тұрғындардың сұранысы бойынша жарияланып отыр. Орындалды. |
15.05.2025 жыл |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері |
|
7. |
Кентте жүріп жатырған құрылыс нысандарына жергілікті азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізсін |
Орындалысы: Қазіргі таңда ауданымызда жүріп жатырған құрылыс жұмыстарына Мақат кентіндегі «Мақат арена» құрылысына мердігер мекеме «CK New city» ЖШС-не Мамыр-Маусым айында 3 азамат жұмыспен қамтылды. Одан бөлек, Доссор кентіндегі жаңадан салынып жатырған Дене-шынықтыру құрылысына «СК Альтаир» ЖШС-гі мекемесіне 2 азамат жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, «Даулет» ЖШС мердігер мекемесінің Мақат кентіндегі Бостандық көшесі, Мұнайшы газетінің 60 жылдығы көшесі, Б.Төлекбаев көшесі, Газшылар ықшам ауданындағы ойын алаңшаларындағы құрылыс жұмыстарына 1 адам жұмысқа орналасты «ARSM» ЖШС Мақат аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына Маусым айында жұмыссыздық есебіндегі 2 азамат жұмысқа орналасты Бұл жұмыстар әрмен қарай өз жалғасын табатын болады. Орындалуда. |
Үнемі |
Аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық МАНСАП орталығы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі |
|
8. |
Ә.Мантаев көшесінде орналасқан №193, №194, №195, №196, №204, №135, №136 көп қабатты тұрғын үйлердің су қысымына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар қабылдасын |
Орындалысы:Ә.Мантаев көшесінде орналасқан №193, №194, №195, №196, №204, №135, №136 көп қабатты тұрғын үйлердің су қысымы қалыпты берілуде. Объективті түрде жауап берілді.
|
15.05.2025 жыл |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
9. |
Ә.Мантаев көшесіндегі №193 және №194 көп қабатты тұрғын үйлердің төбе шатырын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізсін |
Орындалысы: Қазіргі таңда Доссор кентіндегі Ә.Мантаев көшесіндегі №193, 194, 195, 196, 204 көп-қабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгінге Ә.Мантаев көшесіндегі тұрғын үйлерді шатырулау жұмыстары 90 % - ға аяқталып, тек №204 үйдің шатырлау жұмыстары жүргізілуде. Орындалды. |
Жыл ішінде |
|
|
10. |
Кенттегі кәріз желілерін орталықтандырылған кәріз айдау станциясына қосу жұмыстарын жүргізсін.
|
Орындалысы: Қазіргі таңда Доссор кентіндегі кәріз тазалау станциясының ЖСҚ-на Облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы түзетулер енгізілуде. ЖСҚ жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған. ЖСҚ-ға түзету жұмыстары аяқталған соң 2026 жылы құрылыс жұмыстарына тиісті қаржы көздерін сұрату жұмыстары ұйымдастырылатын болады. Орындалуда. |
Жыл ішінде |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық құрылыс бөлімі |
|
Аудан әкімі А.Мәмбетовтің Доссор кентінің (Н.Құсайынов, Б.Қанатбаев, М.Өтемісұлы көшелері 16 үйлік, С.Телемгенов, Қ.Сейтов, Б.Даулетбаев, С.Бегалиев көшелерінің ) тұрғындарымен көшпелі кездесу барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары |
||||
|
11. |
М.Өтемісұлы көшесіндегі төбе шатырлары мен қас беттеріне жөндеу жұмыстары жасалып жатырған №108, №109, №113, №117, №120, №129, №134, №136, №139, №147 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын қатаң бақыласын |
Орындалысы: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі: М.Өтемісұлы көшесіндегі төбе шатырлары мен қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жасалып жатырған №108, №109, №113, №117, №120, №129, №134, №136, №139, №147 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы күнделікті қатаң бақылауда. Доссор кенті әкімдігі: Шатырлар мен қас беттерін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 4 бригада жұмыс істеуде. Тұрғын үйлердің шатырларында қорғаныш қабырға қалау, бетон сұйықтығын құю, торқабат, керегеағаштар қағу жұмыстары, қас беттерін декорлық тастармен қаптау жұмыстары күнделікті бақылауда тұр. Орындалуда. |
Үнемі |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
12. |
Н.Құсайынов, Б.Қанатбаев көшелеріне көше жарығын жүргізсін |
Орындалысы: Доссор елді мекені көшелерін жарықтандыру құрылысы және қайта құру жұмыстары 2023 жылы басталды. Көше жарығын орнату жұмыстарының ұзындығы Доссор кенті бойынша 90 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 60 шақырымға жуығы аяқталды. Оның ішінде Н.Құсайынов, Б.Қанатбаев көшелері және тағыда басқа көшелерге жоба бойынша кезең-кезеңімен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Жайық-Жарығы» ЖШС-і. Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2026 жыл. Орындалуда. |
Жыл ішінде |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық құрылыс бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
13. |
М.Өтемісұлы көшесіндегі №90 көп қабатты тұрғын үйдің төбе шатырын жөңдеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін ұсыныс енгізсін |
Орындалысы: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі: Мақат ауданы дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Мақат кенті, Қ.Сатпаев №100/1, 100/2, 100/3, 100/4, 13Е, 13Д және С.Әлиев №89/1 үй көп-қабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттерін күрделі жөндеуге 2026 жылы жасақтау жобалық-сметалық құжаттама жасақтау көзделген. Қазіргі таңда Доссор кетнінде орналасқан. Доссор кенті, М.Өтемісұлы көшесіндегі №90 үйі 1970 жылы салынған 7 пәтерлі тұрғын үй. Доссор кентіндегі М.Өтемісұлы көшесіндегі №90 көп қабатты тұрғын үйдің төбе шатырын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау қазіргі таңда шұғыл қажеттілік жоқ. Доссор кенті әкімдігі: М. Өтемісұлы көшесіндегі №90 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры мен қас бетін күрделі жөндеу жұмыстарын жасату бойынша 06.03.2025 жылы №06-08-12-04-3/329 санымен ұсыныс хат жолданды. Орындалған жоқ. |
14.05.2025 жыл |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
14. |
Доссор кентіндегі жөндеу жұмыстары жасалып жатырған көп қабатты тұрғын үйлерге мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізсін |
Орындалысы:Ауданда жүргізіліп жатқан құрылы-монтаж жұмыстарын мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерімен қоғамдық бақылауға тізім жасақталып, кесте бекітілді. Орындалуда.
|
Үнемі |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
15. |
Ш.Еркешов, Н.Құсайынов көшелеріне қоқыс контейнерлерін орнату жұмыстарын жүргізсін |
Орындалысы:Доссор кенті әкімі аппартының тарапынан Ш.Еркешов, Н.Құсайынов көшелеріне қоқыс контейнерлерін орнату қажеттілігіне орай «Тазалық-Көгал» ЖШС-не тапсырма берілді. Күні бүгінге Ш.Еркешов көшесіне жаңа қоқыс контейнерлері қойылды. Ал Н.Құсайынов көшесіне қоқыс контейнерлері қойылған жоқ. Аталған көшеде 4 қоқыс контейнерлері бар. Қоқыс контейнерлерін қою қажеттілігі жоқ. Объективті түрде жауап берілді. |
Қажеттілігіне қарай |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
16. |
Қ.Сейтов көшесіне жүргізіліп жатырған көше жарығының бағаналарын қатаң бақыласын |
Орындалысы:Қ.Сейтов көшесіне жүргізіліп жатырған көше жарығының құрылысы, соның ішінде тіректері мен көше шамдары үнемі күн тәртібінде бақылауда тұр. Орындалуда. |
Үнемі |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық құрылыс бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
17. |
С.Телемгенов көшесіндегі кентішілік автокөлік жолдарына суағар орнату жұмыстарын жүргізсін |
Орындалысы: Зерделеу жұмыстары нәтижесімен аталған көшеге суағар салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екені анықталды. Объективті түрде жауап берілді. |
Қажеттілігіне қарай |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Доссор кентінің әкімі |
|
18. |
Қ.Сейтов көшесінде жол жүргізу бойынша жобаға енгізілмеген аумақтарға жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін ұсыныс енгізсін |
Орындалысы: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі: Қ.Сейтов көшесінде жол жүргізу бойынша жобаға енгізілмеген жол учаскелері Доссор кентіндегі 32,7 шақырым автокөлік жолдарын салу жобасы аясында үнемделген қаражат есесінен жасалатын болады. Қосымша жобалық-сметалық құжаттама жасақтау қажет етпейді. Доссор кенті әкімдігі: Қ.Сейтов көшесінде көлік жолымен қамтылмаған үш көше, үш өткел 32,7 шақырым жол салу құрлысын ЖСҚ-на енгізілген. Жол құрылысы жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Орындалуда. |
15.05.2025 жыл |
|
|
19. |
Қ.Сейтов көшесіндегі балаларға арналған ойын алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізсін |
Орындалысы: Кенттегі қолданыстағы балаларға арналған ойын алаңшаларына, соның ішінде Қ.Сейтов көшесіндегі балаларға арналған ойын алаңына техникалық қызмет көрсету және күтіп ұстау жұмыстары жоспарлы атқарылуда. Ойын алаңдарындағы шағын сәулеттік ойын пішіндері сынған жағдайда жөнделіп, қалпына келтіріледі және күнделікті бақылауда тұр. Орындалды. |
23.05.2025 жыл |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, Доссор кентінің әкімі |
|
20. |
М.Өтемісұлы көшесіндегі автокөлік жолындағы жаяу жүргішілер жолағын қайта бояу жұмыстарын жүргізсін. |
Орындалысы: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі: Мақат ауданы елді-мекендеріндегі автокөлік жолдарына жол таңбасын және жаяу жүргінші жолақтарын сызуға облыстық бюджттен қаражат сұратылып, алайда мамыр айындағы бюджет нақыталау сессиясында қаражат бөлінген жоқ. Қаражат бөлінген жағдайда, М.Өтемісұлы көшесіндегі автокөлік жолындағы жаяу жүргіншілер жолағын қайта бояу жұмыстары жүргізілетіндігін қаперіңізге береді. Қазіргі таңда аталған тапсырманы орындау үшін қаражат көзі қарастырылмағандықтан тапсырма орындалу мерзімін жыл аяғына дейін ұзартуыңызды сұрайды. Доссор кенті әкімдігі: Кентішіл көлік жолдарындағы жол белгілерін күтіп ұстауға қаражат қарасырылмауына байланысты, жаяу жүргінші жолағын қалпына келтіруге демеушілік көмек қарастырылуда. Орындалған жоқ. |
23.05.2025 жыл |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Доссор кентінің әкімі
|
|
21. |
Доссор кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті материалдық жабдықтар тізімін жасақтап, ұсыныс енгізсін |
Орындалысы: Қазіргі таңда аудан әкімі 2025 жылғы 13 мамырдағы №29-ө санды өкімімен аудан көлеміндегі көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін зерделеуге жұмыс тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аудан әкімі атына ұсыныс енгізілді. Орындалды.
|
15.05.2025 жыл |
|
|
22. |
М.Өтемісұлы көшесіндегі №108, №109, №113, №117, №120, №129, №134, №136, №139, №147 көп қабатты тұрғын үйлердің төбе шатырларына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жауын-шашын салдарынан пәтеріне зақым келген тұрғындардың пәтеріне құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекемемен және аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып, тиісті шаралар қабылдасын |
Орындалысы: Доссор кенті бойынша М.Өтемісұлы көшесіндегі №108, №109, №113, №117, №120, №129, №134, №136, №139, №147 көп қабатты тұрғын үйлердің төбе шатырларына жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жауын шашын салдарынан пәтерлеріне зақым келген тұрғындардың үйлері тиісті комиссия мүшелерімен зерделеніп, акт жасақталып, толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орындалды. |
кезінде |
|