Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 ж. «7» тамыздағы
№9 шешіміне №1 қосымша
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы
Ереже
- Жалпы ережелер
- Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - АСК) жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі - Клуб) жас азаматтардың, сайлау процесіне қатысушылардың еркін бірлестігі болып табылады.
Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
- Клуб өз қызметін Мақат аудандық АСК-ның көмегімен жас сайлаушылар мен сайлауды ұйымдастырушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі сайлау комиссияларының білім беру, түсіндіру, ақпараттық іс-шараларының жоспарларына, клуб жұмысының жоспарларына сәйкес қоғамдық негізде жүзеге асырады.
- Клуб АСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
- Клуб туралы ереже Мақат аудандық АСК-ның шешімімен бекітіледі.
- Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
- Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
- Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас азаматтарды консультациялық-әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету;
2) жастарға құқықтық білім беру, сайлау құқықтарын түсіндіру, сайлау мәдениетін арттыру;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау және олардың бастамаларын қолдау;
4) жас және болашақ сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.
- Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары
- Клубқа студенттер, мектеп оқушылары, жұмысшы және өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, сайлау комиссияларының жас мүшелері мен мәслихаттардың жас депутаттары (келісім бойынша) қатыса алады.
7.1 Мақат аудандық АСК жанындағы Клуб 7 адамнан құрылады.
- Клуб қатысушылары клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
8.1 Мақат аудандық АСК-ның мүшесі клубтың әдістемелік жетекшісі болып табылады.
- Клуб мүшелері құқылы:
1) Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне ұсыныстармен жүгінуге;
2) Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге жататын клуб қатысушыларының өзге де пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға.
- Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
- Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар, кездесулер, пікірталастар, ұжымдық өзара іс-қимылдың өзге де нысандары түрінде жүзеге асырады.
- Клуб іс-шараларды ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бойынша өткізеді, оны клуб мүшелері бірінші отырыста қабылдайды.
- Клубтың қызметін қамтамасыз етуді, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстарды дайындауды Мақат аудандық АСК ұйымдастырады.
- Мақат аудандық АСК:
1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;
2) клуб қатысушыларын кезекті отырыс өткізілгенге дейін бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде, іс-шара өткізілетін күн туралы үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде кезекті отырыстың Күні мен күн тәртібі туралы хабардар етеді;
3) клуб отырысы барысында, оның ішінде фото-, аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып хаттама жүргізеді.
- Клуб отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
- Қорытынды ережелер
- Осы Жас сайлаушылар клубы туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Мақат аудандық АСК шешімімен енгізіледі.
- Клуб қызметі Мақат аудандық АСК шешімімен тоқтатылады.