«Мақат ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы №81-VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Мақат ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы №81-VIII (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №5144-06 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, экология, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні