Мақат ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мақат ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
- Мақат аудандық маслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы №81-VIII «Мақат ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік теркеу тізілімінде №5144-06 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Мәслихат төрағасы Аты-жөні