Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат.

2020 жылдың 9 айындағы Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы»  өзгерістер мәселелері бойынша қызметі есебі.

Ағымдағы жылдың 9 айында 111 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы  министрінің  2015 жылғы  6 мамырдағы №4-3/421 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/267 бұйрығына сәйкес, бөлім бойынша мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz  веб- порталы арқылы немесе қағаз түрінде көрсетіледі.

         Осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» жалпы ереже бойынша өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz  веб- порталы арқылы немесе қағаз түрінде көрсетіледі.мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-2 (екі) жұмыс күні, құжаттарды тапсыру үшін күтудің уақыты- 30 (отыз) минут, тіркеу алымының мөлшері белгіленген көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

         Осы бұйрыққа 3- қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмерлік белгі беру» өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1(бір) күн, құжаттарды тапсыру үшін күтудің уақыты- 30  (отыз) минут, машинаға техникалық паспорт бергені үшін -50 пайыз, тіркеу үшін-25 пайыз, машинаға мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгісін бергені үшін- 100 пайыз мемлекеттік баж төлейді.

Осы бұйрыққа 3- қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз түрінде және/немесе электрондық. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі—2 (екі) жұмыс күні, тіркеу алымының мөлшері жеке тұлғалардан-1 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғалардан- 5АЕК-ші, кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін-0,5 АЕК-ні құрайды, құжаттарды тапсыру үшін кутудің уақыты- 30 (отыз) минут.

Осы бұйрыққа 3- қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді  «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz  веб- порталы арқылы  көрсетіледі.мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі- портал арқылы тікелей тұрған жері бойынша 10 он жұмыс күні ішінде және машинаны  тіркеу пунктіне әкелген кезде 2 екі жұмыс күні ішінде, құжаттар тапсыру үшін кутудің уақыты-30 отыз минут, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге дайын екендігі туралы жылдың басында БАҚ-та хабарлама жарияланды. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсететін қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары.

         Аудан бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша онлайн түсіндірме іс-шаралары өткізілді, бұдан басқа мемлекеттік көрсететін қызметтердың көрсеткішін арттыру мақсатында түсірілген 3- бейнеролик жасалып, әлеуметтік желілерге орналастырылды, БАҚ-та 10 мақала жарияланды және 74-тен астам брошюра таратылды. Бөлімде азаматтарға өз-өзіне қызмет көрсету арнайы кабинет бөлінген, онда қызмет алушыларға интернет www.egov.kz  порталы электронды түрде қол жетімді және мемлекеттік қызметті көрсету үшін куту және қажетті құжаттарды дайындау үшін күтуге арналған стол, орындықтар,құжаттарды толтыруға арналған орындар, қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілеріңің тізбесі бар стендтермен жабдықталған. Қызмет алушылырға қолайлы жағдайлар қамтылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат.
Дата публикации
19 ноября 2020