«Мақат ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мақат ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 116 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5073-06 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Т.А.Ә.