"Мақат ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Таза Мақат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

"Мақат ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Таза Мақат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына

орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 

"Макат ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың өтетін орны мен күні: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С. Мұқашев көшесі 36, 7 кабинет, 2025 жылғы 23 қыркүйек сағат                  09:00-ден 02 қазан сағат 17:00-ге дейін.

Байланыс деректері: телефон: 8 (71239) 3-01-24, электрондық пошта мекенжайы makat.zhkh@mail.ru.

Негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын қызметінің мәні Мақат аудан тазалығын қамтамасыз ету. Кәсіпорын қызметінің мақсаты елді мекеннің аумағын тазалау, абаттандыру, көгалдандыру болып табылады. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады: тұрмыстық қатты қоқысқа арналған алаңшаларының  айналасын арнайы техникалармен  тазарту қызметтерін, топырақпен тегістеу қызметтерін  жүргізу; аудан көлеміндегі барлық стихиялық, қордаланған  қоқыс қалдықтарын тазарту, жою қызметтері; аудан көлеміндегі  тұрмысты ққатты қоқыс салынатын  жәшіктердегі  шабылған ағаштардан, металл сынықтарынан, құрылыс материалдарынан,  тұрмыстық-техникалық  қоқыс қалдықтарынан   тазалау қызметтерін жүргізу және жиналған қоқысты арнайы орынға (полигонға) тасымалдау; саябақтың, көшелердің, аялдамалар мен әлеуметтік нысандардың жанындағы қоқыс жәшіктерін, көшелердегі урналар, контейнерлер мен қоқыс алаңшаларын уақытылы дезинфекциялау;  қоқыс алаңшаларының қоршауларын, контейнерлер мен урналардың  майысқан (сынған)  жерлерін түзету, қалпына келтіру қызметтері. Қажет болған жағдайда жаңарту, сырлау қызметтері; халық көп шоғырланатын демалыс  орындарын, балалар мен спорт алаңдарын, урналарды  тазарту, отырғыштарды сырлау, сынған жағдайда қалыпқа келтіру, қоқыстан тазалау; жауыншашында (жаңбыр, қар) ауа-райының қолайсыз кезінде  жедел жұмыс тобы (оперативная рабочая группа) кент аумағында (көшелерде, көпқабатты үйлердің аулалары, ойын алаңдары, саябақтар) жиналған суларды сору, құрғату, қардан уақытылы  тазарту, арнайы  орынға шығару қызметтерін орындау; аудан бойынша барлық асфальттанған және асфальттанбаған көшелерінің екі  жағынан (50 метр аумағындағы)  арам шөптерді шабу мен кездейсоқ лас-қоқыстан тазарту; көшедегі талдарды кесу залалсыздандыру және көгалдандыру, суару жұмыстарымен айналысу; қатты тұрмыстық қалдықтар алаңын (полигон) күтіп ұстау, жолын тазалау; бүлінген жаяу жүргінші жолдарының тас төсемдерін қалыпқа келтіру, көше бойындағы бардюр тастарын әктеу; саябақтар, ойын алаңдары, шағын сәулет нысандарын, көше бойындағы қоршауларды сырлау, күтіп ұстау жұмыстары, бүлінген жағдайда жаңадан ауыстыру; автокөлік жолындағы жол белгілерін күтіп ұстау, жөндеу; жолдарды, тротуарларды, жасанды құрылыстарды жөндеу, жол жабындарын жуу және суару; заңнамамен жүктелген өзге де  функцияларды жүзеге асыру.

Басшының негізгі лауазымдық міндеттері:

Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді. Шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды. Сенімхаттар береді. Банктік шоттар ашады. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады. Өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады. Өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді. Мыналарға: таза кірістің белгіленген бөлігі уақтылы бюджетке аударылмағаны үшін; Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі және тиімділігі үшін жауаптылықта болады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуы үшін дербес жауаптылықта болады. Оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- бизнес және басқару, құқық, Қоршаған орта, сәулет, құрылыс, көлік қызметтері, Экономика мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

- басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасына", "өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормалар; Төтенше жағдайлар жағдайында қызметті ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2025 жылғы 23 қыркүйектен 02 қазанға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

- конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- еркін нысанда жазылған өмірбаян;

- білім туралы құжаттардың көшірмелері;

- еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

- соттылығының жоқтығы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер. өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері немесе "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды электрондық түрде makat.zhkh@mail.ru электрондық пошта мекенжайына ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

"Мақат ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Таза Мақат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
23 сентября 2025