Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы №204 «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Аудан әкімдігінің қаулысының жобасы:

 

 

 

Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы №204 «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы»

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және   өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының                    2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы         28 қыркүйектегі №1202 бұйырығына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы №204 «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына мындай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   Ережесінде:

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік мекеменің  тұрған жері: индекс: 060600, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қаныш Сәтбаев көшесі, 87 ғимарат».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Каржауоваға жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                        А.Мамбетов

 

 

Дайындаған: Г.Утешова

19.09.2025 жыл

 

Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы №204 «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
19 сентября 2025