Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы №204 «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Мақат ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы №204 «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мақат ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №1202 бұйрығы.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны іске асыру қаражат шығыстарын қажет етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпейді.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

«Мақат аудандық  жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінде мемлекеттік мекеменің   мекен-жайы өзгереді.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Мәліметтер жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Ол қабылданған жағдайда басқа нормативтік құқықтық актілерді жобаға сәйкес келтіру талап етіледі.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

Орналастырылған (____ж., ____кб.)

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

____________________________________________________________

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

 

 

 

Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы №204 «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Мақат ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
19 сентября 2025