Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі №80
«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
осы қаулымен бекітілген «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесінеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
«34-1) маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;»;
«34-2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану.»;
Аудан әкімі А.Мамбетов