«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1, 5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратымен (бұдан әрі - Аппарат) құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:
«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай құжатайналым жүйесіне 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер бойынша 15 өтініштер тіркелді.
Есепті кезеңде округ бойынша келіп түскен өтініштің қаралғаны – 15 Өтініштерде көтерілетін мәселелердің басым көпшілігі, жер, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері.
Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы:
Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың халықпен жұмысының бірыңғай стандартын қамтамасыз ету және өңірлерде азаматтарды қабылдау орталығының тәжірибесін кеңінен тарату жөніндегі тапсырмасына сай аудан әкімі аппараты жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының (бұдан әрі-АҚО) келесідей жұмыстары ұйымдастырылды.
Жергілікті атқарушы органдардар басшылары мен олардың орынбасарларымен азаматтарды қабылдаудың бекітілген бірыңғай қабылдау кестесі бекітілді.
Есепті кезеңде округ әкімі Бәйгетөбе округіне қарасты 9 елді мекендерде тұрғындармен кездесу өткізілді. Округке қарасты бекеттерде №472,№402,№469 жеке тұрғындар өз мәселелері бойынша қабылданды және тұрғынға заң аясында түсінік берілсе, 20 тұрғынның мәселесі оң шешілді.
Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. Лауазымдарға үміткерлерді комиссия мүшелері әділ бекітеді, бөлім басшылығы тарапынан немесе басқа тұлғалардың араласуына және қысым жасауына жол жіберілмейді.
«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Мақат ауданы әкімдігіне қарасты бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу, оларды конкурстық ережеге сәйкес іріктеу, еңбек өтілін белгілеу, тәртіптік жауапкершілігін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырады.
2024 жылғы жағдай бойынша бәйгетөбе округі бойынша штат бірлігі – 16.
Оның ішінде:
4) «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де штат саны – 5, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 5, бос лауазымдар саны -1;
|
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер -1.
|
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
2024 жылдың ІV тоқсан бойынша жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген –16 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 0;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 16;
- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –16 оның ішінде:
-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 16;
-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3;
- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4.
Бәйгетөбе округі бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша 4 тоқсан бойынша аудандық Мақат тынысы газетіне 2 мақала жарияланып, 1 жиналыс, 5 әлеуметтік желіде ақпараттар ұсынылды.
Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға электронды түрде Бәйгетөбе ауылдық округі (қызмет- 10, ЭЦҚ-8) қызметтер көрсетілді.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.
«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты » мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес 2024 жылы 69 708 000 (алпыс тоғыз миллион жеті жүз сегіз мың) теңгеге 96 (тоқсан алты) келісім шарт жасақталған. Аталған қаражат толықтай игеріліп, орындалған. Оның ішінде 47 тауарларға 19 422 000 (он тоғыз миллион төрт жүз жиырма екі мың) теңге, 16 қызметтерге 46 400 000 (қырық алты миллион төрт жүз мың) теңге қаражат жұмсалған.
Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.
Аудан әкімі аппараты «Е-қызмет», МОИП, «Е-лицензия», электрондық құжат айналымы ақпараттыық жүйелерімен жұмыс жасайды. Аталған ақпараттық жүйелердің қалтықсыз жұмыс жасауы бойынша жауапты мамандар бекітілген.
Ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Округ әкімі К.Махмұтұлы
КЕЛІСІЛДІ:
|
Махмұтұлы Кенжебек |
Бәйгетөбе ауылдық округ әкімі , жұмыс тобы төрағасы; |
|
Орынғалиева Ақерке Орынғалиқызы |
Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізушісі , жұмыс тобының хатшысы; |
Комиссия мүшелері:
|
Жумаханова Алия Жумажановна |
Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; |
|
Айтжанова Гулдана Ермекбаевна |
Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі; |
|
Алибаева Асемгуль Бисенбаевна |
Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының маманы; |
|
Сағытжанова Айдана Сағытжанқызы |
Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының заңгері; |