«Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Доссор кенті                                                                         22 сәуір 2025 жыл

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1, 5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы          19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат ауданы әкімі аппаратымен (бұдан әрі - Аппарат) құрылған  жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
  • Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Доссор кенті әкімінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №122-ө өкіміне сәйкес жауапты маман белгіленді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары. Талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 1-30 сәуір.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Космагамбетов Аслан Елеусинович – Доссор кентінің әкімі.

«Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде  штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.  Аппаратта штат саны бойынша  11 мемлекеттік қызметкер, 15 азаматтық қызметшілер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

«Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  бірыңғай құжатайналым жүйесіне  2024 жылы   жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер   бойынша 27 өтініштер тіркелді. 

Өтініштерде көтерілетін мәселелердің басым көпшілігі тұрғын үй, жер, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері. Заңды тұлғадан 14, жеке тұлғадан 13 өтініш түсті.

Өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы 27 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде  қолайлы әкімшілік акт – 5, ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 8, жауп берілген -6, қаперге алынды – 3, қарау тоқтатылды – 4, қайтарып алынды – 1. 

 

Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы:

Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың халықпен жұмысының бірыңғай стандартын қамтамасыз ету және өңірлерде азаматтарды қабылдау орталығының тәжірибесін кеңінен тарату жөніндегі тапсырмасына сай аудан әкімі аппараты жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының (бұдан әрі-АҚО) келесідей жұмыстары ұйымдастырылды.

Жергілікті атқарушы органдардар басшылары мен олардың орынбасарларымен азаматтарды қабылдаудың бекітілген бірыңғай қабылдау кестесі бекітілді.

Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №187 «Мақат ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген.

Кент әкімі 2024 жылы 32 қабылдау өткізіп, 35 тұрғынды қабылдады, 35 тұрғынға заң аясында түсінік берілді.

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды анықтау

Кадрлық тағайындауларға  үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. Лауазымдарға үміткерлерді комиссия мүшелері әділ бекітеді, бөлім басшылығы тарапынан немесе басқа тұлғалардың араласуына және қысым жасауына жол жіберілмейді.

Мемлекеттік қызметкерлерді тағайындау «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен Мақат ауданы әкімдігіне қарасты  бос  тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу, оларды конкурстық ережеге сәйкес іріктеу, еңбек өтілін белгілеу, тәртіптік жауапкершілігін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырады.

 

               Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2024 жыл бойынша  жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген – 181 мемлекеттік қызмет  көрсетілді. Оның ішінде:

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 38;

-Жер учаскесіне кезекке қою – 97;

- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 46.

Аудандық Мақат тынысы газетіне 1 мақала жарияланып, 1 жиналыс, 2 әлеуметтік желіде ақпараттар,  1 онлайн жәрмеңке өткізілді. 

Доссор кенті әкімдігінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға электронды түрде (қызмет–6231,  ЭЦҚ – 1603),  қызметтер көрсетілді. 

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Бұл функция жоқ.

 

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Доссор кенті әкімінің аппараты тікелей бақылау органы болып табылмайды.

 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

 

«Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес 2024 жылы 284 309 723  (екі жүз сексен төрт миллион үш жүз тоғыз мың жеті жүз жиырма үш) теңгеге 120 (бір жүз жиырма) келісім шарт жасақталған. Аталған қаражат толықтай игеріліп, орындалған. Оның ішінде 29 тауарларға  32 043 204 (отыз екі миллион қырық үш мың екі жүз төрт) теңге, 91 қызметтерге  252 266 519 (екі жүз елу екі миллион екі жүз алпыс алты мың бес жүз он тоғыз) теңге қаражат жұмсалған.

Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау

         Шарттар жасақталған жоқ.

 

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

         Келесі жүйелер қолданылады: «Е-қызмет», IPGO, «Е-лицензия», электронды құжат айналымы. Олардың үздіксіз жұмыс істеуіне жауапты тұлғалар тағайындалды.

 

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

 

Доссор кенті әкімі аппаратында:

- учаскелік комиссия;  

- мүліктері мен кеңсе тауарларын түгендеу және есептен шығару жөніндегі комиссия;

- коммуналдық меншігіндегі мүліктерді кейін сатып алу құқығынсыз уақытша сенімгерлік басқаруға беру жөнінде  төмендегідей комиссия;

- Доссор кентінде әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларының жағдайларын сараптау бағытында комиссия;

- күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік барасында жылу жүйесін қысыммен тексеру комиссиялар бар.

Комиссия отырыстары уақытылы өткізіліп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар беріліп, олардың орындалыстары үнемі бақылауда болады.

Кент әкімінің қолданыстағы 1 (бір) нормативтік құқықтық актісі бар. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес нормативтік құқықтық актіге мониторинг жүргізіліп, әділет Департаментіне нәтижелері туралы ақпарат жолданып отыр. Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелуге (IPGO) мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.

Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

         Кент әкімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  • Барлық қызметкерлерге мүдделер қақтығысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізілуде.

 

 

Кент әкімі                                                                            А.Космагамбетов

«Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
22 апреля 2025