«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынық тыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынық тыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына жәнеҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы№ 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - бөлім) құрылған  жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
  • Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының 2025 жылғы 11 маусымдағы №122 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылдың маусым айы мен 2025 жылдың мамыр айы. Талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 15 маусым-14 шілде аралығы.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Исполов Нурлан Теңелбайұлы – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлкеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.

«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 3 ведомстволық мекеме бар:

1) Мақат аудандық мәдениет үйі КМҚК-ы;

2) Доссор мәдениет үйі КМҚК-ы;

3) Аудандық орталық кітапхана ММ-сі.

 «Мақат аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бірыңғай құжатайналым жүйесіне  2024 жылдың мамыр айы мен 2025 жылдың маусым  жылы  жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер   бойынша 14 өтініштер тіркелді. 

Есепті кезеңде аудан бойынша келіп түскен 14 өтініштің қаралғаны – 14, оның ішінде ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес әкімшілік рәсім тәртібінде қаралғаны –14,  құзыреттілігі бойынша басқа мекемелерге жолданғаны –0 .

Өтініштерде көтерілетін мәселелердің басым көпшілігі көшеге есімін беру, мемориалдық тақтайша орнату және кітап сатып алу мәселелері.

Өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы 14 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде  қолайлы әкімшілік акт – 4, ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 10.

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды анықтау

Кадрлық тағайындауларға  үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып  жүргізіледі. Лауазымдарға үміткерлерді комиссия мүшелері әділ бекітеді, бөлім басшылығы тарапынан немесе басқа тұлғалардың араласуына  және  қысым жасауына жол жіберілмейді.

«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлімге қарасты  бос  тұрған  лауазымдарға орналасу, оларды конкурстық ережеге сәйкес іріктеу, еңбек өтілін белгілеу, тәртіптік жауапкершілігін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырады.

2024 жылғы жағдай бойынша бөлімде штат бірлігі – 8, нақты қызметкерлер саны – 8, бос лауазымдар саны – 0.

1) Мақат аудандық мәдениет үйі КМҚК-ында штат саны – 63, қызметкерлердің нақты саны – 61, бос лауазымдар саны - 2;

2) Доссор мәдениет үйі КМҚК-ында штат саны – 40, қызметкерлердің нақты саны – 37, бос лауазымдар саны - 3;

3) Аудандық орталық кітапхана ММ-сінде штат саны -56, қызметкердің нақты саны – 55, бос лауазымдар саны - 1.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің үнемі біліктіліктері арттырылып отырады. 2024 жылы біліктілігін арттыру семинарларынан 2 қызметші өткен, тағылымдамадан 1 қызметші өткен.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Сопрт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда №9675 тіркелген бұйрығымен бекітілген Мемлкеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.   

2024-2025 жылдар бойынша   – 5 мемлекеттік қызмет  көрсетілді. Оның ішінде:

-  Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5.

Мақат ауданы бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша аудандық Мақат тынысы газетіне 5 мақала жарияланып тұрады,  2 онлайн жәрмеңке өткізілді. 

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі мемлкеттік мекемесінде ондай функция жоқ.

 

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі тікелей бақылау органы болып табылмайды.

Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тікелей тапсырмаларының, аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысының шешімдерінің орындайды.

 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

         «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес 2024 жылы 11 869 688,58 (он бір миллион сегіз жүз алпыс тоғыз мың алты жүз сексен сегіз 58 тиын) 33(отыз үш) келісім шарт жасақталған.  Аталған қаражат толықтай игеріліп, орындалған. Оның ішінде 11 қызметке 5 818 110,78 (бес миллион сегіз  жүз он сегіз мыңбіржүз он бір 78 тиын) теңге, 22 тауарға 6 051 577,8 (алты миллион елу бір мың бес жүз жетпіс жеті сегіз тиын) теңге қаражат жұмсалған.

Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау

 Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасақталған жоқ.

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

 «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі  «Е-қызмет», МОИП, «Е-лицензия», электрондық құжат айналымы ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасайды. Аталған ақпараттық жүйелердің қалтықсыз жұмыс жасауы бойынша жауапты мамандар бекітілген.

 

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

 

«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

         «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  • Барлық қызметкерлерге мүдделер қақтығысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу.

 

Мақат аудандық мәдениет,

тілдерді дамыту, денешынықтыру

және спорт бөлімінің басшысы                                                             Н.Исполов

                 

КЕЛІСІЛДІ:

 

Бас маман,

жұмыс тобының мүшесі                                                                         С.Кожагулова

 

Бас маман, жұмыс тобының

мүшесі                                                                                               А.Нургалиева

 

Бөлімнің есепшісі,

жұмыс тобының мүшесі                                                                 А.Берікқызы

 

Бөлімнің спорт нұсқаушысы,

жұмыс тобының мүшесі                                                                          Н.Іңірбай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынық тыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
14 июля 2025