«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
18 шілде 2025 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық құрылыс бөлімі басшысының 2025 жылғы 13 маусымдағы №47 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдауды жүргізген уәкілетті тұлға: Кекильбаева Б.Б.
Жұмысшы тобы мүшелері: жоқ
Талдау кезеңі: 2024 жылдың II-IV тоқсаны және 2025 жылдың I-ші жартыжылдығы аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 23 маусым 18 шілде аралығы.
«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36 ғимараты.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Мақат аудандық құрылыс бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер (басшы, 2 бас маман), 3 азаматтық қызметшілер бар (есепші, заңгер, автокөлік жүргізушісі).Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар болған жоқ.
Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ
Мақат аудандық құрылыс бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 05 наурыздағы №41 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық құрылыс бөлімі туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Мақат аудандық құрылыс бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Мақат аудандық құрылыс бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ
6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Бөлімге 2025 жылдың қаңтар-маусым айларына арналған қаржылық жоспарына сәйкес 3 748 5776,2 мың.теңге қаражат бөлініп, жоспарға сәйкес толығымен игерілді.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілген мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы 13 конкурс жарияланды. Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. «Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ-сі Атырау қаласы мен аудандардың мемлекеттік сатып алудың біріңғай ұйымдастырушысы болуына байланысты, конкурс тәсілімен барлық деңгейдегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады.
Бөлім құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылыс нысандарын салуға бюджеттен қаражат бөлінеді. Мердігер жасалған жұмыстардың көлемінде авторлық және технткалық қадағалаушының растауымен жасалған жұмыстар туралы акт жасақталып, тапсырыс берушімен тексеріліп қол қойылады. Акт қағаз нұсқада жасалып, төлем жасалады.
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында бөлімге «е-otinish» ақпарттық жүйесімен заңды және жеке тұлғалардан 7 арыз келіп түсті. Барлығына уақытылы жауап беріліп орындалуда. 2025 жылдың 15 шілде күні Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36 ғимаратында Ашық есік күні өткізілді.
Мақат аудандық құрылыс бөлімінде келесідей ақпараттық жүйелер қолданылады. Е-Қызмет, «е-otinish», Парус, электронды пошта: otdelstroy85@mail.kz, atyrau.qujat.gov.kz, eps.gov.kz. мемлекеттік сатып алу порталы. Ақпараттық жүйелер қалыпты жағдайда жұмыс жасауда.
9.Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
Ұйымдастыру-басқару қызметі бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мақат аудандық құрылыс
Бөлімінің басшысы А.Кадыров