«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1, 5 тармақтарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат аудандық ішкі саясат бөлімімен құрылған жауапты тұлғамен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізіді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу үшін Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2025 жылғы 14 мамырдағы №27 бұйрығына сәйкес құрылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылғы шілде – 2025 жылғы мамыр. Талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылдың 20 мамыр-20 маусым аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Сагингалиев Аманжол Аскарұлы – бөлімнің басшысы, жауапты тұлға.
«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 1 ведомство бар:
«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай құжатайналым жүйесіне 2024 жылдың шілде - 2025 жылдың мамыр айында жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелермен 2 ұсыныс, 2 сұраныс. 1 тапсырма тіркелді.
Өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы қолданстағы заңға сәйкес жауаптары берілген.
Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды анықтау
Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, 5 азаматтық қызметшілер бар.
Мүдделер қақтығысын реттеу.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету.
Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінде рұқсат беру функциясы жоқ.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.
Мақат аудандық ішкі саясат бөліміне аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тікелей тапсырмаларының, аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінде 2025 жылға 31426,0 теңге қаражат бөлінді. 5 айында 13 024,0 теңге қаражаты игерілді. Қалғаны жыл соңына дейін игеріледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы №687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
2025 жылға:
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 8 сатып алу, жалпы сомасы 1 120,0 теңге;
бір көзден алу тәсілімен – 3, жалпы сомасы 350,0 теңге;
электрондық дүкендер арқылы сатып алулар бойынша бір көзден – 4 сатып алу, жалпы сомасы 766,0 теңге;
Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффилирлену, бөлімнің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасалған жоқ.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі «Е-қызмет», «Е-өтініш», электрондық құжат айналымы, goszakup.ga.kz, esf.gov.kz, cabinet.kgd.gov.kz, cabinet.stat.gov.kz. budget.egov.kz. ақпараттық жүйелерімен және EPS, Mail.kz электорнды пошталарымен жұмыс жасайды.
Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінде:
- Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Комиссия
- Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жөніндегі Комиссия
- Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес бар.
Комиссия және кеңес отырыстары уақытылы өткізіліп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар беріліп, олардың орындалыстары үнемі бақылауда болады.
Аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылады:
- қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу