«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат кенті әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы №124-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
1-30 сәуір аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні:
«Мақат кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев, 36 ғимараты.
Мақат кенті әкімінің аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аппаратта штат саны бойынша 11 мемлекеттік қызметкер, 18 азаматтық қызметшілер бар. Қазіргі уақытта 2 бос мемлекеттік қызметкер орны бар.
Мекемеде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
2
2024 жылы барлығы – 156 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
Мақат кенті әкімінің аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.
Келіп түскен 110 өтініштің қаралғаны – 59, оның ішінде ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес әкімшілік рәсім тәртібінде қаралғаны – 37, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібінде – 22 өтініш, құзыреттілігі бойынша басқа мекемелерге жолданғаны – 11.
Өтініштерде көтерілген мәселелердің басым көпшілігі тұрғын үй, жер, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері.
Өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы 37 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде қолайлы әкімшілік акт – 29, ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 8.
Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы:
2024 жылы кент әкімі тарапынан 51 жеке тұрғын қабылданып, 32 тұрғынға заң аясында түсінік берілсе, 19 тұрғынның мәселесі оң шешілді.
«Мақат кенті әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес 2024 жылы 327 558 000 (үш
3
жүз жиырма жеті миллион бе жүз елу сегіз мың) теңгеге 246 келісім шарт жасақталған. Аталған қаражат толықтай игерілді. Оның ішінде 94 тауарларға 14 224 101 52 (он төрт миллион екі жүз жиырма төрт мың бір жүз бір мың елу екі тиын) теңге қаражат жұмсалған. 30 қызметкерге 63 980 000 (алпыс үш миллион тоғыз жүз сексен мың) теңге қаражат жұмсалған.
Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.
Келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-04-07 бекітілген.