«Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (Бұдан әрі- Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (Бұдан әрі- Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімібасшысының 2025 жылғы 23 мамырдағы №63 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

            Талдау кезеңі: 2025 жылдың қаңтар- маусым  айы аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        02-30 маусым аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        01-03шілде аралығы.

Талдау кезеңі: 2025 жылдың қаңтар-маусым айы аралығы.

«Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36 ғимараты.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.  Бөлімде штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер, 7азаматтық қызметшілер бар.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміҚазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығымен бекітілген келесідей мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

- "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы"

-жекешелендіру;

-сертификат беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2)  Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады.

Қызмет көрсету мерзімі

1) Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесіне келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы                16 сәуірдегі №94 Заңымен (бұдан әрі-Заң) және «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысымен (бұдан әрі-Қаулы) айқындалады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз алуға құқылы санаттар тізімі Заңның 13 бабының 8 тармағы және Қаулының 7 тармағына сәйкес айқындалған.Қаулының 14 тармағына сәйкес жекешелендіру туралы өтінішті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды түрде аталған тармақта көрсетілген барлық құжаттармен бірге тапсыру қажет.

Содан кейін аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы осы Қаулының 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады

2025 жылдың 1 жартыжылдығында 220 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады.

        

         4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

         Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміҚазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55  бұйрығымен бекітілген келесідей рұқсат беру функциясын жүзеге асырады.

         -"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру".

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

            1) Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүргізіледі;

           

            Қызмет көрсету мерзімі

         1) Мемлекеттікқызметкөрсетумерзімі

15 (он бес) жұмыскүн.

 

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылдың 1жартыжылдығында бөлімге жекежәне заңды тұлғалардан 86өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

         Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

        

         7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

         Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

         Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

         Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-01-24 бекітілген.

 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

         Талдау жүргізу кезінде «Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы Н.Б.Булековтың рұқсатымен жүргізілді.

        

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36 ғимараты, электронды пошта: zhkh-aftoh@mail.ruбайланыс нөмері 8/71239/3-01-24, 3-15-12.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 02-30 маусым  аралығы.
  4. Бақыланатын кезең: 2025 жылғы 1 жартыжылдық

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қармы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын орындау.

4.Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын мерзімінде орындамауына байланысты, сотқа талап арыз жолдау.

 

Жұмысшы топтың төрағасы

Бөлім басшысы                                                                                    Н.Булеков

 

Бөлімінің инспекторы                                                            Ж.Сағынғалиева

 

Комиссия мүшелері :

 

Бөлімінің сектор меңгерушісі                                                     А.Айжарықов

 

Бас маман                                                                                        Г.Мұратова

 

Бөлімінің заңгері                                                                            А.Аккалжанов

 

Бөлімінің инспекторы                                                                   А.Курманов

 

Бөлімінің экономисті                                                                     І.Еділбай

 

Бөлімінің инспекторы                                                                   А.Саменова

 

 

 

 

 

 

 

          А. Саменова

«Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (Бұдан әрі- Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
30 июня 2025