«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Мақат к.                                                                              2025 жылғы 26 мамыр

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1, 5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы          19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат ауданы әкімі аппаратымен (бұдан әрі - Аппарат) құрылған  жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
  • Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін аудан әкімі аппараты басшысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі №19 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары. Талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 24  сәуір – 23 мамыр.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Әбуов Бекбол Қуатұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.

«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде                                5 құрылымдық бөлімше бар:

1) Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі;

2) Ұйымдастыру және бақылау бөлімі;

3) Мемлекеттік – құқықтық бөлім;

4) Жалпы бөлім;

5) Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі.

«Мақат ауданы  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  бірыңғай құжатайналым жүйесіне  2024 жылы   жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер   бойынша 776 өтініштер тіркелді. 

Есепті кезеңде аудан бойынша келіп түскен 776 өтініштің қаралғаны – 689, оның ішінде ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес әкімшілік рәсім тәртібінде қаралғаны –334, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібінде – 355 өтініш, құзыреттілігі бойынша басқа мекемелерге жолданғаны – 65.

Өтініштерде көтерілетін мәселелердің басым көпшілігі тұрғын үй, жер, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері.

Өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы 334 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде  қолайлы әкімшілік акт – 131, ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 203. 

Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің 1-ОЛ есеп мәліметіне сәйкес –18 шағым келіп түсіп, қолданыстағы заңға сәйкес жауаптары берілген. 

Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы:

Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың халықпен жұмысының бірыңғай стандартын қамтамасыз ету және өңірлерде азаматтарды қабылдау орталығының тәжірибесін кеңінен тарату жөніндегі тапсырмасына сай аудан әкімі аппараты жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының (бұдан әрі-АҚО) келесідей жұмыстары ұйымдастырылды.

Жергілікті атқарушы органдардар басшылары мен олардың орынбасарларымен азаматтарды қабылдаудың бекітілген бірыңғай қабылдау кестесі бекітілді.

Жұмыс жасап тұрған «Ашық әкімдік» фронт кеңсесі «Азаматтарды қабылдау орталығы» болып қайта жаңартылды.

Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №187 «Мақат ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген.

Аудан әкімі аппараты басшысының 2024 жылғы 15 қаңтардағы №04 «Мақат ауданы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс регламентін бекіту туралы» бұйрығымен орталықтың регламенті бекітілді.

 Есепті кезеңде аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарларымен және аппарат басшысы және кент, округ әкімдерімен, дербес бөлім басшыларымен 194 қабылдау өткізіліп, 372 жеке тұрғындар қабылданды.

 Оның ішінде, аудан әкімі және оның орынбасарларымен 46 қабылдау, кент, округ әкімдерімен 72 қабылдау, басқа деңгейдегі басшылармен 76 қабылдау өткізіліп, 292 тұрғынға заң аясында түсінік берілсе, 80 тұрғынның мәселесі оң шешілді.

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды анықтау

Кадрлық тағайындауларға  үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. Лауазымдарға үміткерлерді комиссия мүшелері әділ бекітеді, бөлім басшылығы тарапынан немесе басқа тұлғалардың араласуына және қысым жасауына жол жіберілмейді.

«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Мақат ауданы әкімдігіне қарасты  бос  тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу, оларды конкурстық ережеге сәйкес іріктеу, еңбек өтілін белгілеу, тәртіптік жауапкершілігін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырады.

2024 жылғы жағдай бойынша Мақат ауданы бойынша штат бірлігі – 72.

Оның ішінде:

1) «Мақат ауданы әкімінің аппараты» ММ-де штат саны – 16, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 16, бос лауазымдар саны -0;

2) «Мақат кенті әкімінің аппараты» ММ-де штат саны – 11, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 11, бос лауазымдар саны -0;

3) «Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ-де штат саны – 11, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 11, бос лауазымдар саны -0;

4) «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де штат саны – 5, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 5, бос лауазымдар саны -0;

5) «Аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0;

6) «Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0;

7) «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де штат саны – 5, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 5, бос лауазымдар саны -0;

8) «Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0;

9) «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-де штат саны – 5, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 5, бос лауазымдар саны -0;

10) «Аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де штат саны – 4, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 4, бос лауазымдар саны -0;

11) «Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0;

12) «Аудандық құрылыс бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0.

               Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

               2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыстан босатылған  мемлекеттік қызметшілер -7.

               2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған  мемлекеттік қызметшілер -20.

               2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік органның ішінде жоғары лауазымға ауысқан мемлекеттік қызметшілер - 8.

               2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша конкурс бойынша тағайындалған мемлекеттік қызметшілер-20.

 

 

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің үнемі біліктіліктері артырылып отырады. 2024 жылы біліктілігін арттыру семинарларынан 14 қызметші өткен, тағылымдамадан 10 қызметші өткен.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

 

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2024 жылдың ІV тоқсан  бойынша  жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген –636 мемлекеттік қызмет  көрсетілді. Оның ішінде:

-  Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 13;

- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 3;

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 131;

- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 489 оның ішінде: 

-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 194;

-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 72;

- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 223.

Мақат ауданы бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша 4 тоқсан бойынша аудандық Мақат тынысы газетіне 5 мақала жарияланып, 2 жиналыс, 6 әлеуметтік желіде ақпараттар,  2 онлайн жәрмеңке өткізілді. 

Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға электронды түрде 23781 Мақат кенті (қызмет – 17540, ЭЦҚ – 4760), Доссор кенті (қызмет–6231,  ЭЦҚ – 1603),Бәйгетөбе ауылдық округі (қызмет- 10, ЭЦҚ-8)  қызметтер көрсетілді. 

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Аудан әкімі аппаратында бұл функция жоқ.

 

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Мақат ауданы әкімінің аппараты тікелей бақылау органы болып табылмайды.

Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тікелей тапсырмаларының, аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысының шешімдерінің орындалуын бақылауда ұстайды.

 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

 

«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес 2024 жылы 125 871 000 (бір жүз жиырма бес миллион сегіз жүз жетпіс бір мың) теңгеге 158 (бір жүз елу сегіз) келісім шарт жасақталған. Аталған қаражат толықтай игеріліп, орындалған. Оның ішінде 121 тауарларға 80 118 000 (сексен миллион бір жүз он сегіз мың) теңге, 37 қызметтерге   45 753 000 (қырық бес миллион жеті жүз елу үш мың) теңге қаражат жұмсалған.

Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау

 Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасақталған жоқ.

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

  Аудан әкімі аппараты «Е-қызмет», МОИП, «Е-лицензия», электрондық құжат айналымы ақпараттыық жүйелерімен жұмыс жасайды. Аталған ақпараттық жүйелердің қалтықсыз жұмыс жасауы бойынша жауапты мамандар бекітілген.

 

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

 

Аудан әкімі аппаратында:

- аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия,

- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия,

- аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия;

- Мақат ауданында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб;

- Аудандық терроризмге қарсы комиссиясы;

- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі аудандық комиссия;

- Эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аудандық эвакуациялық комиссия;

- Тәртіптік комиссия;

- наградалар комиссиясы бар.

Комиссия отырыстары уақытылы өткізіліп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар беріліп, олардың орындалыстары үнемі бақылауда болады.

Аудан әкімінің және әкімдігінің қолданыстағы 26 (жиырма алты) нормативтік құқықтық актісі бар. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізіліп, әділет Департаментіне нәтижелері туралы ақпарат жолданып отыр. Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелуге (IPGO) мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.

Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

         Аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын қатаң сақтау;
  • Барлық қызметкерлерге мүдделер қақтығысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу;
  • Электронды мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру.

 

 

Аппарат басшысы                                                                            Б.Әбуов

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

 

Ұйымдастыру және бақылау

бөлімінің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі                                                                     А.Сәрсенғалиев

 

 

Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің

басшысы, жұмыс тобының

мүшесі                                                                                                   А.Сагиндикова

 

 

жалпы бөлімінің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі                                                           А.Жұмабайқызы

 

 

жалпы бөлімінің бас маман-есепшісі,

жұмыс тобының мүшесі                                                                 С.Сарбалина

 

 

персоналды басқару (кадр қызметі)

бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі                                   А.Жолдасова

 

«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
27 мая 2025