«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

талдамалық АНЫҚТАМА

                                                                                              18 шілде 2025 жыл

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының                      5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы              19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес  Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен құрылған жауапты тұлғамен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
  • Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының 2025 жылғы 13 маусымдағы №21 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылдың ІІ-ІІІ-IV-ші тоқсаны және 2025 жылдың  І жартыжылдығы аралығы.

 Талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылдың 23 маусым- 18 шілде аралығы.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Кенжеғали Берік Ақылбекұлы – бөлімнің сектор меңгерушісі, жауапты тұлға.

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бірыңғай құжатайналым жүйесіне 2024 жылдың               ІІ-ІІІ-IV-ші тоқсанында  заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер 2  өтініштер тіркелді. 2025 жылдың қаңтар-маусым айы аралығында жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер  4  өтініштер тіркелді. Өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы қолданыстағы заңға сәйкес жауаптары берілген.  

2024 жылы сәуір-желтоқсан айлары аралығында  бөлім басшысына жеке қабылдауға келген тұлғалар-44, ал 2025 жылдың І жартыжылдығында -22.       Әр келген тұлғаға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсінік берілген.       Ағымдағы жылдың 15 шілде күні Мақат кенті С.Мұқашев көшесі 36  ғимаратында ашық есік күні өтті. Ашық есік күні тұрғындар бөлімнің қызметімен, жұмыс барысымен танысып, өздерінің толғандырған сұрақтарына заң аясында жауаптарын алды.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
  6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
  7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау;
  8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
  9. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер;

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау;

Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.  2024 жылы бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, 11 азаматтық қызметшілер болды.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 3 шілдесінен бастап ҚР Үкіметі аппараты жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылған. Осыған сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы фронт-офистерін стандарттау мақсатында                        2024 жылдың 15 қаңтарында Мақат ауданы әкімі аппараты жанындағы АҚО-нің регламентімен стандарты бекітіліп, ашылды. Регламенттің 2 тарауы,                            8 тармағында «орталықты күзету іс-шараларын арнайы күзет қызметі қамтамасыз етеді» делінген.  Осыған орай бөлімдегі 3 күзетші штат саны қысқартылды.

Аудан әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы №69-ө «Мүліктерді теңгерімге беру туралы»  өкімі негізінде бөлім теңгеріміндегі ғимарат, мүліктер «Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі теңгеріміне берілді. Осыған сәйкес, бөлімдегі 4 штат (2 еден тазалаушы, 2 от жағушы) саны қысқартылды.

  2025 жылы  3 мемлекеттік қызметкер, 4 азаматтық қызметшілер. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы                   №4-3/267, №4-3/268, №4-3/269, №4-3/270 бұйрығымен бекітілген келесідей мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

- "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру"

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі 1) портал арқылы – 1 жұмыс күні;

                                                    2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні.

 

 

 

- "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру";

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

            2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Қызмет көрсету мерзімі: 2 жұмыс күні;

 

-  "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу";

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

Қызмет көрсету мерзімі:  Машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша өтінім тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Машиналар тіркеу пунктіне берілген жағдайда – өтініш тіркелген сәттен бастап                   2 (екі) жұмыс күні ішінде.

 

 

- "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру".

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

Қызмет көрсету мерзімі:  Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде – жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап               2 (екі) жұмыс күні.

Куәлік жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгімен жаңа куәлік:

1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап                 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

2) куәлік берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда – құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

2024 жылдың сәуір-желтоқсан айларында 49, 2025 жылдың                                         І жартыжылдығында 32 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

         Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

         Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тікелей бақылау органы болып табылмайды.

         Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тікелей тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

         Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде                2024 жылы 52 925,0 мың теңге , ал 2025 жылы 45825,0 мың теңге қаражат бөлініп, 6 айында 19 999,0 мың теңге қаражат игерілді. 

         Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VІІІ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы             9 қазандағы №687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

         2025 жылға:

         баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен – 6 сатып алу, жалпы сомасы                          4 538,0 мың теңгеге;

         бір көзден алу тәсілмен – 7, жалпы сомасы 2 675,0 мың  теңгеге;

         Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.

         Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

         Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффиллирлену, бөлімнің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау

         Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасақталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

         Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі                           «Е-қызмет», МОИП, электрондық құжат айналымы және «Е-лицензия» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасайды.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

         Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде:

         - Мақат ауданы бойынша жолаушылар тасымалы бағасының өсуінің жай күйіне қадағалау мен реттеу мақсатында өкім.

         - Мақат ауданы бойынша жанар-жағармай, газ құю бекеттеріндегі қауіпсіздік шараларын тексеру жөніндегі өкім.

         - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын негіссіз өсірмеу жөніндегі өкім.

         Аталған өкімдердің орындалысы  үнемі бақылауда болады.

 

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын орындау.

 

 

Бөлімнің сектор меңгерушісі                                                           Б.Кенжеғали

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
18 июля 2025